
Жуырда біздің мектебімізде «Білім мен адамгершілік – болашақтың қос қанаты» апталығы ұйымдастырылды.
Осы апталық аясында ұйымдастырылған «Пайдалы тағамдар» іс-шарасының мақсаты – балаларға дұрыс тамақтанудың маңызын түсіндіру, пайдалы және зиянды тағамдарды ажырата білуге үйрету, салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Тағлымдық пайдасы мол болған осы іс-шараның барысында оған қатысқан балалар өз ойларын еркін айтып, ата-аналармен бірлесе белсенділік танытты.
Жансая АЛТЫНБЕК,
«Жеңістің 50 жылдығы» атындағы №55 ЖББМ КММ-сі МАДС мұғалімі,
Жетісай ауданы.