Skip to content

МЕНІҢ АНАМ – ЕҢ ЖАҚСЫ АДАМ

Жақында біздің №11 «Жеңіс» мектеп-гимназиясы коммуналдық мемлекеттік мекемесінде, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай 5 «Ә» сынып оқушылары арасында «Менің анам – ең жақсы адам» тақырыбында тәрбиелік іс-шара болып өтті.

Осы мерекелік іс-шара барысында оқушылар өз аналарына арнап жүректен шыққан хаттар жазып, анаға деген шексіз сүйіспеншіліктерін, алғыстары мен ақ тілектерін білдірді. Яғни, бұл шараға қатысқан әрбір оқушы өздері дайындаған хаттар арқылы анасының мейірімі мен қамқорлығын ерекше ықыласпен жеткізе білді. Балалардың шынайы жазбалары анаға деген құрметтің, отбасы құндылықтарының маңызын айқындай түсті.

Мектебіміздің ұстаздары – арнайы педагог А.Пернеева, педагог-логопед З.Дәуірхан және кәсіптік бағдар беруші-педагог М.Атамбековалар ұйымдастырған осы тәрбиелік мәні зор бұл іс-шара жас ұрпақтың бойында ата-анаға деген құрмет пен ізеттілікті қалыптастыруға, отбасы құндылықтарын дәріптеуге үлкен ықпал етті деп ойлаймыз.

Дәуірхан Зере Жанболатқызы,

«№11 «Жеңіс» мектеп-гимназиясы» КММ   орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Жетісай ауданы.

🔥 Таңдаулы жаңалықтар

«ЖУРНАЛИСТ ЖОЛДА» ІССАПАРЫ. БІЛІМ ОРДАСЫНДА ӨТКЕН ТАҒЛЫМДЫ ШАРА
БІР-БІРІМІЗГЕ ЖҮРЕК ЖЫЛУЫН СЫЙЛАЙ БІЛЕЙІК!
The Importance of Learning English in the Modern World
ОТБАСЫ – БАҚЫТ МЕКЕНІ
ЛАУАЗЫМ — МӘРТЕБЕ ЕМЕС, ЖАУАПКЕРШІЛІК!