Балабақша – баланың тұлға ретінде қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Осы кезеңде бала қоршаған ортаны танып, алғашқы білім мен дағдыларды меңгереді. Сондықтан мектепке дейінгі тәрбиемен оқыту жүйесінің маңызы өте зор.
Балабақшадағы тәрбиенің негізгі мақсаты-баланың дене, зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жету үшін педагогтар әр түрлі әдістермен ойын технологияларын қолданады. Ойын-мектепке дейінгі жастағы балалардың негізгі әрекеті. Ойын арқылы бала ойнайды сөйлейді, достарымен қарым-қатынас жасауды үйренеді.
Сонымен қатар, балабақшада баланың тілін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Әңгімелеу, ертегі оқу, тақпақ жаттау арқылы балардың сөздік қоры байып,ойлау қабілеті дамиды.
Шығармашылық жұмыстар — сурет салу, мүсіндеу, музыка мен би де баланың қиялын дамытады.
Баланың толыққанды даму үшін тәрбиеші мен ата-ананың ынтымақтастығы өте маңызды. Ата-ана балабақшадағы тәрбие жұмысын қолдап, үйде де балаға дұрыс орта қалыптастыруы қажет.
Қорытындылай келе, балабақшадағы тәрбие – болашақ ұрпақтың негізін қалыптастыратын маңызды кезең.Сондықтан әрбір педагог баланың жеке ерекшелігін ескеріп, оның дамуына қолайлы жағдай жасауға ұмтылуы тиіс.
Бекбауова Пакиза Имангелдиевна,
«Асия» бөбекжай-балабақшасының педагог тәрбиешісі.
Қазығұрт ауданы.