Skip to content

ҰСТАЗ ЕҢБЕГІ – ЕЛ ҚҰРМЕТІ

Бүгін ауыл мектептерінің дамуына сүбелі үлес қосып, талай шәкіртті тәрбиелеп, олардың білім жолындағы жетістіктері мен жеңістеріне куә болып жүрген Н.Оңдасынов атындағы №14 жалпы білім беретін мектептің директоры Шаулиева Сапаргул Тұрлыбекқызы жоғары марапатқа ие болды.

Білім беру саласына сіңірген елеулі еңбегі мен өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі зор үлесі үшін Сапаргул Тұрлыбекқызы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің Ы.Алтынсарин төсбелгісімен марапатталды.

Марапатты Жетісай ауданы білім бөлімінің басшысы Толқын Тілекқызы Айгенжиева салтанатты түрде табыстап, ұстазды және мектеп ұжымын шын жүректен құттықтады.

Бұл марапат – ұстаздың ұзақ жылғы еңбегінің, білім мен тәрбие жолындағы табандылығының және шәкірттерінің жетістіктеріне қосқан үлесінің айқын көрінісі.

Сапаргул Тұрлыбекқызына алдағы уақытта да білім саласында толайым табыс, шығармашылық жетістіктер және шәкірттерінің биік белестерді бағындыруына тілектеспіз! 🌟

Жетісай аудандық білім бөлімі.

🔥 Таңдаулы жаңалықтар

«ЖУРНАЛИСТ ЖОЛДА» ІССАПАРЫ. БІЛІМ ОРДАСЫНДА ӨТКЕН ТАҒЛЫМДЫ ШАРА
БІР-БІРІМІЗГЕ ЖҮРЕК ЖЫЛУЫН СЫЙЛАЙ БІЛЕЙІК!
The Importance of Learning English in the Modern World
ОТБАСЫ – БАҚЫТ МЕКЕНІ
ЛАУАЗЫМ — МӘРТЕБЕ ЕМЕС, ЖАУАПКЕРШІЛІК!