Skip to content

«ЖЫР — ЖҮРЕК АЙНАСЫ» РУХАНИ КЕЗДЕСУ КЕШІ

23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай «Н.Төреқұлов атындағы №13 жалпы білім беретін мектеп» КММ-де ерекше рухани кеш ұйымдастырылды. Кітапханашылар К.Адилханова мен А.Сериева және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ж.Сегизбаеваның ұйытқы болуымен 8″А» сынып оқушыларының қатысуымен өткен «Жыр — жүрек айнасы» атты кездесу поэзия әлеміне арналған тағылымды басқосу болды.

Кештің арнайы қонағы – Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Асықата кентінің айтулы ақыны Нұрымбет Абдіғапбаров. Жыр әлемінде өзіндік қолтаңбасы бар ақынның терең ойға құрылған, шынайы сезімге толы өлеңдері оқушылардың жүрегінен орын тапты.

Кеш барысында оқушылар ақын шығармаларын мәнерлеп оқып, сөз өнерінің құдіретін сезінді.
8″А» сынып оқушылары:

Аманбай Әсел
«Ана тілім — шаттығым»

Жұмабек Кәусар
«Бір күні бақилыққа кетеміз ғой»

Базарбек Аяулым
«Өмірдің мәнісі»

Көшкенов Нұрислам
«Тұрған жақсы сыйласып»

Абдуғани Нұрсұлтан
«Ойлашы, достым, осыны»

Тұрсінәлі Жаннұр
«Аллам өзі саған бақыт сыйласын»

Бақбергенов Еркебұлан
«Қасиетті мереке»

Эсимхан Азамат
«Ұстаздарға бас ием»

Давранова Диляра
«Ұстаздарды құттықтау» өлеңдерін мәнерлеп жүрекке жеткізе білді.

Сұхбат бөлімінде ақын өзінің шығармашылық жолы, алғашқы өлеңдері мен шабыт сыры туралы әсерлі әңгіме өрбітті. Жастарға бағыт-бағдар беріп, жүрекке жетерлік ақыл-кеңесін айтты.

Оқушылар да белсенділік танытып, өз сұрақтарын қойып, еркін пікір алмасты.
«Өлеңді жалғастыр» ойыны мен «Жас ақын» минутында шәкірттер өз шығармашылық қабілеттерін паш етіп, тың жырларын оқыды. Кеш көркін музыкалық нөмірлер әрлей түсті.

Бұл кездесу – поэзияға деген сүйіспеншілікті арттырып, жүректерге жылу сыйлаған, рухани байлыққа толы ерекше кеш болды.

Кеш соңында ақынға алғыс хат табысталып, құрмет көрсетілді. Естелік суреттер арқылы бұл сәттер жадымызда мәңгі сақталары сөзсіз.

Сегизбаева Жулдызай Дуйсенбаевна,

«Н.Төреқұлов атындағы №13 ЖББМ» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

Жетісай ауданы.

🔥 Таңдаулы жаңалықтар

«ЖУРНАЛИСТ ЖОЛДА» ІССАПАРЫ. БІЛІМ ОРДАСЫНДА ӨТКЕН ТАҒЛЫМДЫ ШАРА
ОТБАСЫ – БАҚЫТ МЕКЕНІ
БІР-БІРІМІЗГЕ ЖҮРЕК ЖЫЛУЫН СЫЙЛАЙ БІЛЕЙІК!
The Importance of Learning English in the Modern World
ЛАУАЗЫМ — МӘРТЕБЕ ЕМЕС, ЖАУАПКЕРШІЛІК!