Skip to content

Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы

Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты «№68 Жібек жолы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 23 сәуір – «Ұлттық кітап күні» қарсаңында 2026 жылдың 12-21 сәуір аралығында «Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы» атты тақырыбында онкүндік тұжырымдамасын негізге ала отырып, осынау асыл қазынамызды ұлықтау мақсатында кітапханашылар Бибінұр Байзақова мен Сарсенкүл Әлібекованың ұйымдастыруымен онкүндік іс-шараның ашылуы өтті.

Іс-шараның барысымен барша кітап сүйер қауымды мектебіміздің директоры Сырлыбай Бегимкулов және директордың бейіндік ісі жөнінде орынбасары Мырзаева Жақсыгүл мен ДТЖО Қожахметов Талғат ағайлар қатысып оқырмандарды іс-шаралар кешеніне белсене қатысуға шақырады. Сондай-ақ мұндағы мақсатымыз оқушыларды көркем әдебиетке баулу, балалар әдебиетінің тәрбиелік мәнін арттыру, оқырмандық мәдениетті қалыптастыру және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып сонымен бірге оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығы, мәнерлеп оқу дағдылары қалыптасатын айтып өтті.

Ашылуға келген мектеп басшыларымен ұстаздарымыз кітап заманның айнасы, өткенің аманаты, бүгіннің сырласы дей келе, білім құдығынан сұрақ алып дәріптеп насихаттауды айтты. Міне осындай тағылымы мол іс-шаралар, ойлау жүйелерінің жақсаруына, қиялының дамуына, сөздік қорларының артуына, өзіндік ықпалын тигізетініне сеніміміз мол.

Бибінұр НАРБАЙҚЫЗЫ,

Атамекен а/ә, №68 «Жібек жолы» жалпы білім беретін мектеп КММ кітапханасының меңгерушісі.

Жетісай ауданы.

🔥 Таңдаулы жаңалықтар

«ЖУРНАЛИСТ ЖОЛДА» ІССАПАРЫ. БІЛІМ ОРДАСЫНДА ӨТКЕН ТАҒЛЫМДЫ ШАРА
ОТБАСЫ – БАҚЫТ МЕКЕНІ
БІР-БІРІМІЗГЕ ЖҮРЕК ЖЫЛУЫН СЫЙЛАЙ БІЛЕЙІК!
The Importance of Learning English in the Modern World
ЛАУАЗЫМ — МӘРТЕБЕ ЕМЕС, ЖАУАПКЕРШІЛІК!