Skip to content

«СЫРҒАЛЫМ» ҚЫЗДАР ҰЙЫМЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

  • / 64 қаралым

Мектебімізде қыз балалар тәрбиесіне бағытталған «Сырғалым» атты қыздар жиналысы ұйымдастырылды. Іс-шара – мектептің аға-вожатыйы Д. Мурадова мен ұйымдастырушы-педагог Қ.Аликулованың ұйымдастыруымен өтті.

Жиналыстың басты мақсаты – қыз балалардың тәрбиесі мен тәртібіне көңіл бөлу, сондай-ақ мектеп формасын сақтау мәдениетін қалыптастыру болды.

Іс-шара барысында қыз балалардың өзін-өзі ұстау мәдениеті, әдептілік, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету сынды маңызды мәселелер жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар мектеп формасын талапқа сай кию, ұқыптылық пен жинақылық әр оқушының басты міндеті екені айтылды.

Ұйымдастырушылар қыз баланың бойындағы инабаттылық, тазалық пен жауапкершілік қасиеттерін қалыптастырудың маңыздылығына ерекше тоқталды. Осындай тағылымды кездесулер жасөспірім қыздардың тұлғалық дамуына оң әсер етіп, олардың мәдениетті, тәртіпті болып қалыптасуына ықпал етеді.

Қ.АЛИКУЛОВА,

№55 «Жеңістің 50 жылдығы» атындағы ЖББМ ұйымдастырушы-педагогы.

Жетісай ауданы.

🔥 Таңдаулы жаңалықтар

«ЖУРНАЛИСТ ЖОЛДА» ІССАПАРЫ. БІЛІМ ОРДАСЫНДА ӨТКЕН ТАҒЛЫМДЫ ШАРА
ОТБАСЫ – БАҚЫТ МЕКЕНІ
БІР-БІРІМІЗГЕ ЖҮРЕК ЖЫЛУЫН СЫЙЛАЙ БІЛЕЙІК!
ЛАУАЗЫМ — МӘРТЕБЕ ЕМЕС, ЖАУАПКЕРШІЛІК!
The Importance of Learning English in the Modern World