Skip to content

ОТБАСЫ – БАҚЫТ МЕКЕНІ

  • / 43 қаралым

    15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай Асықата кенті мәдениет үйінде жүректерге жылу сыйлаған ерекше рухани кеш өтті.

«Н.Төреқұлов атындағы №13 ЖББМ» КММ директоры Абеуова Гульназира Танаткановнаның бастамасымен ұйымдастырылған «Отбасы – бақыт мекені» атты 2025–2026 оқу жылының есеп беру концерті кент тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, өнер мен тәрбиені ұштастырған тағылымды кешке айналды.

Кеш шымылдығы мектеп Гимнімен  ашылған сәттен-ақ, көрермендер ерекше әсерге бөленді. Мектебіміздің талантты да дарынды шәкірттері әуелете ән шырқап, мың бұралған бишілер сахна сәнін келтіріп, күмбірлеген күйлер арқылы ұлттық өнердің құдіретін паш етті. Әрбір қойылымнан шәкірттердің өнерге деген сүйіспеншілігі мен ұстаздарының ерен еңбегі анық сезіліп тұрды.

Бұл кеш — тек концерт қана емес, бір жылдық шығармашылық ізденістің, ұстаз бен шәкірт еңбегінің жарқын көрінісі болды. «Төреқұлов жұлдыздарының» жетістіктері таныстырылып, жас таланттардың биік белестерді бағындыруға деген талпынысы көпшілік көңілінен шықты.

Кеш барысында мектеп директоры Гульназира Танаткановна сөз сөйлеп, кент тұрғындарына, ата-аналар мен қолдау білдіріп жүрген барша жанашыр қауымға шынайы ризашылығын жеткізді.

Кеш соңында ата-аналар комитетінің төрағасы, Асықата кенті аналар қауымының төрайымы Мира Дарменова, Асықата емханасының дәрігері Роза Сахаова және ардагер ұстаз Халима Төребаева жүрекжарды лебіздерін білдіріп, мектеп ұжымына шығармашылық табыс, толағай жетістіктер тіледі.

Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары П.Адырбекова мектеп жетістіктерін айта отырып,  2026-2027 оқу жылына 1- сыныпқа оқушылар қабылдайтын бастауыш сынып мұғалімдерін, ұлағатты ұстаздарымызды таныстырып өтті.

Осындай тәрбиелік мәні зор, рухани бай кешті жоғары деңгейде ұйымдастырған мектеп ұжымына алғысымыз шексіз!

Өнерлі ұрпақ — ұлт болашағының жарқын айнасы!

Түркістан облысы Жетісай ауданы Асықата кенті

«Н.Төреқұлов атындағы №13 ЖББМ» КММ директоры,

І санатты басшы, тарих пәні мұғалімі Абеуова Гульназира Танаткановна

🔥 Таңдаулы жаңалықтар

«ЖУРНАЛИСТ ЖОЛДА» ІССАПАРЫ. БІЛІМ ОРДАСЫНДА ӨТКЕН ТАҒЛЫМДЫ ШАРА
ОТБАСЫ – БАҚЫТ МЕКЕНІ
БІР-БІРІМІЗГЕ ЖҮРЕК ЖЫЛУЫН СЫЙЛАЙ БІЛЕЙІК!
ЛАУАЗЫМ — МӘРТЕБЕ ЕМЕС, ЖАУАПКЕРШІЛІК!
The Importance of Learning English in the Modern World