Skip to content

Болашаққа бағдар берген тағылымды семинар

  • / 45 қаралым

Қазіргі таңда жасанды интеллект технологиялары адам өмірінің барлық саласына еніп, білім беру жүйесіне де жаңа талаптар қоюда. Әсіресе жаратылыстану бағытындағы мамандықтардың маңызы артып, оқушылардың болашақ кәсібін саналы таңдауы өзекті мәселеге айналды. Осы орайда Түркістан облысы, Жетісай ауданы, N10 «Қайнар» мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде аудандық семинар аясында «Мен – болашақ маманмын: ЖИ дәуіріндегі жаратылыстану бағыттары» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты – білім алушыларға жасанды интеллект дәуіріндегі заманауи мамандықтар туралы түсінік беру, жаратылыстану бағыттарының болашағын таныстыру және оқушылардың кәсіби бағдарын қалыптастыру болды. Семинар барысында қатысушылар STEM, IT, биотехнология, инженерия, экология, медицина және робототехника салаларының бүгінгі қоғамдағы рөлі мен болашағы жайлы маңызды ақпараттармен танысты.

Іс-шара ерекше форматта ұйымдастырылып, оқушылардың қызығушылығын арттыруға бағытталды. Түрлі танымдық тапсырмалар, пікірталас алаңдары, интерактивті сұрақ-жауап кезеңдері мен заманауи технологиялар қолданылған көріністер оқушыларға ерекше әсер қалдырды. Әсіресе жасанды интеллектінің адам өміріндегі мүмкіндіктері мен оның болашақ мамандықтарға ықпалы туралы айтылған ойлар жас жеткіншектердің қызығушылығын оятты.

Семинар барысында оқушылар өздерінің болашақ мамандықтары туралы пікір бөлісіп, қазіргі заман талабына сай маман болу үшін қажетті дағдылар жөнінде ой қозғады. Көптеген білім алушылар жаратылыстану бағытындағы пәндердің маңызын түсініп, болашақта ғылым мен технология саласында еңбек етуге ынта білдірді. Бұл іс-шара олардың кәсіби көзқарасын қалыптастырып қана қоймай, болашаққа сеніммен қадам жасауына бағыт-бағдар берді.

Аудандық семинарға қатысқан педагогтер де ұйымдастырылған іс-шараның мазмұны мен жаңашылдығына жоғары баға берді. Жасанды интеллект дәуіріндегі білім беру мен кәсіби бағдар жұмыстарының өзектілігі кеңінен талқыланып, тәжірибе алмасу алаңы қалыптасты.

Бүгінгі оқушы – ертеңгі ел болашағы. Сондықтан жас ұрпаққа заман талабына сай бағыт-бағдар беру, олардың қабілетін ашып, мамандық таңдауда дұрыс жол көрсету – маңызды міндеттердің бірі. №10 «Қайнар» мектеп-гимназиясында өткен бұл тағылымды іс-шара оқушылардың болашаққа деген қызығушылығын арттырып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашқан маңызды білім алаңына айналды.

Лаззат Алдабергенова,

№10 «Қайнар» мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік

мекемесінің кәсіби бағдар беру педагогы

Жетісай ауданы

🔥 Таңдаулы жаңалықтар

«ЖУРНАЛИСТ ЖОЛДА» ІССАПАРЫ. БІЛІМ ОРДАСЫНДА ӨТКЕН ТАҒЛЫМДЫ ШАРА
ОТБАСЫ – БАҚЫТ МЕКЕНІ
БІР-БІРІМІЗГЕ ЖҮРЕК ЖЫЛУЫН СЫЙЛАЙ БІЛЕЙІК!
ЛАУАЗЫМ — МӘРТЕБЕ ЕМЕС, ЖАУАПКЕРШІЛІК!
The Importance of Learning English in the Modern World