Skip to content

Бастауыш білім – болашақтың негізі

  • / 35 қаралым

Ұстаз болу – мен үшін бала күнгі арманым еді. Бүгінде сол арман жетегінде шәкірт тәрбиелеп, білім беру жолында еңбек етіп жүргеніме қуанамын. Әр күн сайын оқушыларымның жетістігін көріп, олардың сеніміне ие болу – мен үшін үлкен бақыт әрі жауапкершілік.

Еңбек жолымды Жетісай ауданындағы №10 «Қайнар» мектеп-гимназиясында бастап, өзімді кәсіби тұрғыда дамытуға бар күшімді салып келемін. Жас маман ретінде үнемі ізденіп, жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеруге, сабақты қызықты әрі тиімді өткізуге талпынып жүрмін. Себебі қазіргі білім беру саласы ұстаздан шығармашылықты, жаңашылдықты және үздіксіз дамуды талап етеді.

Жуырда өткен аудандық «Педагогикалық дуэт» байқауында І орын иелену мен үшін үлкен тәжірибе әрі шабыт болды. Ал облыстық кезеңде ІІ орын алу – еңбегімнің бағаланғаны деп білемін. Бұл жетістіктер мені одан әрі ізденуге, кәсіби шеберлігімді шыңдауға жігерлендірді.

Сонымен қатар, аудандық семинар аясында ашық сабақ өткізу мүмкіндігіне ие болдым. Ашық сабақ барысында оқушылардың белсенділігін арттыруға бағытталған заманауи әдістер мен цифрлық платформаларды қолдандым. Әріптестер тарапынан жылы пікірлер айтылып, тәжірибе алмасу алаңына айналғаны мен үшін ерекше қуаныш болды.

Мен үшін ұстаздық – тек мамандық емес, үлкен жауапкершілік пен адал еңбекті талап ететін қасиетті жол. Алғашқы жетістіктерім – мектеп ұжымының қолдауы мен әріптестерімнің сенімінің нәтижесі деп білемін.

Алдағы уақытта да білім саласында аянбай еңбек етіп, шәкірттерімнің биік белестерден көрінуіне өз үлесімді қоса беремін деген сенімдемін.

№10 “Қайнар” мектеп-гимназия” КММ бастауыш сынып мұғалімі

Медетбай Айдана Нұрдәулетқызы

🔥 Таңдаулы жаңалықтар

«ЖУРНАЛИСТ ЖОЛДА» ІССАПАРЫ. БІЛІМ ОРДАСЫНДА ӨТКЕН ТАҒЛЫМДЫ ШАРА
ОТБАСЫ – БАҚЫТ МЕКЕНІ
БІР-БІРІМІЗГЕ ЖҮРЕК ЖЫЛУЫН СЫЙЛАЙ БІЛЕЙІК!
ЛАУАЗЫМ — МӘРТЕБЕ ЕМЕС, ЖАУАПКЕРШІЛІК!
The Importance of Learning English in the Modern World