Skip to content

БІЗДІҢ МАҚТАНЫШТАРЫМЫЗ-ҮМІТ ПЕН СЕНІМ АРТҚАН ТҮЛЕКТЕР!

  • / 58 қаралым

   2025–2026 оқу жылы Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта мектебі үшін табысты да тарихи жылдардың бірі болды. Биыл мектеп қабырғасынан үлкен өмірге қадам басқалы отырған 11-сыныпты 48 түлек тәмамдауда. Олардың әрқайсысы – білім мен тәрбиені қатар ұстанған, мектептің қоғамдық өміріне белсене араласқан жас буын өкілдері.

Мектебіміздің басты мақтаныштарының бірі – білім көрсеткіштері жоғары бітірушілеріміз. Биылғы оқу жылында

5 оқушы  Бейсенова Аяулым, Нұрғали Жания, Шайзанда  Мадина, Нұрланқызы  Айдана, Дүйсенбай  Назгүл   «Алтын белгі» иегері атануға үміткер болса, 2 оқушы   Амзе  Аииша, Алимхан  Асылхан  үздік аттестатқа үміткер болып отыр. Бұл – ұстаздардың сапалы еңбегі мен оқушылардың табанды ізденісінің нәтижесі.

Түлектеріміз аудандық, облыстық пән олимпиадалары мен түрлі байқауларға қатысып, мектеп абыройын асқақтатты. Сонымен қатар қоғамдық жұмыстарға белсенді араласып, мектепішілік іс-шараларда көшбасшылық қасиеттерін көрсете білді. Биылғы 9-сынып   56  бітірушілері де  білімге деген құштарлығымен, жауапкершілігімен және үздік нәтижелерімен мектеп мерейін өсіруге  үлес қосты. Мектебімізде білім сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп, оқушылардың жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалуда. Соның  нәтижесінде биылғы оқу жылында  

6 оқушы  Дүйсенбек  Риза, Жубаева Інжу,  Дүйсенбай  Бекарыс,  Оспан Дина,   Жүсіп  Қымбат, Сахова  Мерей  «Үздік аттестатқа» үміткер атанып отыр. Бұл – оқушылардың табандылығы мен ұстаздардың қажырлы еңбегінің айқын дәлелі.

9-11 сынып бітірушілері тек оқу үлгерімімен ғана емес, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысуымен, түрлі байқаулар мен пәндік олимпиадалардағы жетістіктерімен де ерекшеленді. Олар – мектептің абыройын көтеріп жүрген талантты, білімді, ізденімпаз жастар. Атап  өтсем:

«Н.Төреқұлов атындағы №13 ЖББМ» КММ 11 «Ә» сынып оқушылары: Нұрланқызы Айдана аудандық Ілияс оқуларының буктрейлер бағыты  бойынша 2-орынды иеленіп, шығармашылығының жоғары деңгейін көрсетті. Ал «Жаз, жаз қалам жорғалап» бағыты бойынша Намаз Муслима 3-орынға ие болды. Жетекшісі: Қосқараева Гулнарға үлкен алғысымызды білдіреміз.

9-10 сыныптар арасында өткізілген «Нәзіртану» мектепшілік олимпиадаға қатысып 1-орынды иеленгені үшін 11″А» сынып оқушысы Шайзанда Мадина марапатталады.

Алғыс айту күніне орай мектептің қоғамдық жұмысына белсене қатысқаны үшін 11″А» сынып оқушысы Шайзанда Мадина Ермекқызы марапатталады.»Аз сөйлер де көп тыңдар,Хас асылдың баласы» тақырыбында сырттай эссе байқауында жақсы нәтиже көрсеткен үшін 11 сынып оқушысы Шайзанда Мадина марапатталады.

«Менің шағын Отанымның тарихы» номинациясы бойынша аудандық кезеңде жоғары шығармашылық қабілетін танытқаны үшін 2-орын дипломмен Шайзанда Мадина марапатталады.Қ.Бітібаева атындағы республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде сапалы білім көрсеткені үшін Шайзанда Мадина марапатталады.

8-11 сынып оқушыларына арналған республикалық ғылыми жобалар байқауының «Техника» бағыты бойынша аудандық кезеңінің қатысушысы Шайзанда Мадина Ермекқызы марапатталады.

Республикалық «Абай оқулары» байқауында 1-орын алғаны үшін Шайзанда Мадина марапатталады.

Республикалық «Алтын түлек» математикалық олимпиадасының өңірлік кезеңінің жеңімпазы 11сынып оқушысы Шайзанда Мадина 1-дәрежелі дипломмен марапатталады.

«Алтын түлек» математикалық олимпиадасының республикалық кезеңінде белсенділік танытқаны үшін 11сынып оқушысы Шайзанда Мадина марапатталады.

«Тіл қоғамның айнасы» атты аудандық байқауында 2-орын иеленгені үшін Шайзанда Мадина марапатталады.

8-11сынып оқушыларына арналған республикалық ғылыми жобалар байқауының аудандық кезеңінің жеңімпазы 11сынып оқушысы Шайзанда Мадина марапатталады.

Бейсенова Аяулым  Ауыл дарын пәндік олимпиадасының Қазақ тілі және әдебиеті пәндері бойынша аудандық кезеңінің қатысушысы (1-кезеңнен өтіп 2-кезеңге қатысқан) “Ақбота”зияткерлік олимпиадасының Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің сертификат иегері “Qaztest” қазақ тілі меңгеру жүйесі бойынша ең жоғарғы нәтиже С1 деңгейінің иегері(Ұбтда қазақ тілінен 50 балл қосып береді)

Жаманкул Біржан Сержанұлы 9 «А» сынып оқушысы  жалпы білім беретін мектептердің арасында өткен 1. «Махамбет оқулары» байқауының аудандық, облыстық кезеңдерінен

1 орын, 

2. Атырау қаласында өткен Республикалық кезеңінен Алғыс хат иегері

3. Ақберен өнер байқауының аудандық кезеңінен 1 орын, облыстық кезеңінен 2 орын

4. Оқушылар арасында өткен Сөз бен саз байқауының облыстық кезеңінен 2 орын

5. ”Абай оқулары” облыстық кезең 2 орын

 Дүйсенбек Риза Нұрланқызы

9”А” сынып оқушысы жалпы білім беретін мектептер арасында өткен пәндік олимпиядадан

1. Орыс тілі пәні  облыстан 1 орын

2. Химия пәні облыстан 3 орын 3. Ясауитану -2026 Хикмет айту бойынша аудан Алғыс хат.4.Күзгі балл бас жүлде

 Төленді Бейбарыс Азатұлы 9 “А” сынып оқушысы

1. Спорт саласы бойыншаҚызылорда өткен еркін күрес  ресбубликалық турнирден 1 ші  орын. КМС иеленген.

2. Аудандық еркін күрес турнирден 1 орын

 Хидирбай Каусар Омарқызы 9 «А» сынып оқушысы

 Аудандық жалпы білім беретін мектептердің арасында өткен ғылыми сайыс бойынша география пәнінен Алғыс хат

1. 9 «Ә» сыныбынан Оспан Дина аудандық » Әбіш оқулары » байқауынан иллюстрациялық бағыты бойынша Алғыс хат иеленді.

2. Спорт саласы бойынша Бектай Аяулым Өзбекстан елінде өткен халықаралық деңгейдегі қыздар арасындағы  күрестен 2 орынды иеленді.

3. 9″Ә» сыныбынан Тастан Асыйм орыс тілі пәнінен аудандық пән олимпиадасынан 2 орын алған.

4. 9″Ә» сыныбынан Бағлан Арсен алгебра пәнінен аудандық пән олимпиадасынан 2 орын алған.

5. 9″Ә» сыныбынан Оспан Дина  ағылшын тілі пәнінен аудандық пән олимпиадасынан 3 орын алған.

9 «Б» сынып оқушысы Сахова Мерей

Балалар музыка мектептерінің және өнер мектептерінің білім алушылары — жас музыканттардың облыстық фестиваль — байқауына қатысқаны үшін9 б сынып оқушысы Оразбаев Багдаулет  Бокстан Шымкент қаласының ашық біріншілігінде 2 орын

Бүгінгі бітіруші түлектер – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын саналы азаматтар. Олардың арасында болашақ дәрігер, мұғалім, инженер, заңгер, кәсіпкер сынды түрлі мамандық иелері өсіп келеді. Мектеп қабырғасында алған білімдері мен тәрбиесі алдағы өмір жолында үлкен жетістіктерге бастайтынына сенім мол.  Сонымен қоса  мақтанып  айтарға  тұрарлықтай 2025–2026 оқу жылында Төреқұлов атындағы №13 жалпы білім беретін мектептің бітіруші түлектері бірінші  Ұлттық бірыңғай тестілеуде жақсы нәтижелер көрсетіп, мектеп абыройын асқақтатты. Жыл бойы жүргізілген жүйелі дайындық жұмыстары, пән мұғалімдерінің еңбегі мен оқушылардың жауапкершілігінің нәтижесінде жоғары балл иегерлері қалыптасты.

Мектеп бойынша жоғары нәтиже көрсеткен оқушыларымыз:

Нұрғали Жания – 130 балл

Таңдау пәндері: ағылшын тілі – дүниежүзі тарихы.

Бесенова Аяулым – 126 балл

Таңдау пәні: қазақ тілі мен әдебиеті.

Нұрланқызы Айдана – 120 балл

Таңдау пәндері: математика – география.

Ермаханова Зарина – 113 балл

Таңдау пәндері: химия – биология.

Дүйсенбай Назгүл – 108 балл

Таңдау пәндері: физика – математика.

Шайзанда Мадина – 100 балл

Таңдау пәні: география.

Бұл нәтижелер оқушылардың білім сапасының жоғары деңгейін көрсетеді. Әсіресе 100-ден жоғары балл жинаған түлектер санының артуы – мектептегі білім беру жұмыстарының тиімділігін дәлелдейді. Бұл   ҰБТ   көрсеткіштері    жалғасын  табады деп  сенеміз, себебі  оқушыларымыз енді ғана  тіркеліп тапсыруда. Алда  екінші  тест   тапсыру  сынақтары  күтіп тұр.

ҰБТ-ға дайындық барысында:

қосымша дайындық сабақтары ұйымдастырылды;

пәндік тесттер тұрақты алынып отырды;

ата-аналармен байланыс жұмыстары жүргізілді;

психолог тарапынан қолдау көрсетілді;

білімдегі олқылықтарды жою жұмыстары жүргізілді.

Алдағы уақытта да білім сапасын арттыру, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту және жоғары нәтижеге жетелеу бағытындағы жұмыстар жалғасатын болады.

Қорытындылай келе, жоғары нәтиже көрсеткен түлектерімізге, ата-аналарына және ұстаздарға алғыс білдіреміз. Бітіруші түлектеріміздің болашақта ел дамуына үлес қосатын білікті маман иесі болуына тілектеспіз.

Құрметті түлектер!

Сіздерге ақ жол, сәтті қадам, биік белестер тілейміз. Мектептеріңіздің абыройын әрдайым биіктен көрсетіп, еліміздің дамуына үлес қосатын азамат болуларыңызға тілектеспіз. Төреқұлов мектебінің оқушыларын құттықтаймыз! Әрқашан алға қарай ұмтылыңыздар, жаңа биіктерді бағындырыңыздар! Н.Төреқұлов мектебінің бітіруші түлектері – біздің мақтанышымыз!

Козыбекова Дуйсенкул Жумановна,

«Н.Төреқұлов атындағы №13 ЖББМ» КММ директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары.

Жетісай ауданы.

🔥 Таңдаулы жаңалықтар

«ЖУРНАЛИСТ ЖОЛДА» ІССАПАРЫ. БІЛІМ ОРДАСЫНДА ӨТКЕН ТАҒЛЫМДЫ ШАРА
ОТБАСЫ – БАҚЫТ МЕКЕНІ
БІР-БІРІМІЗГЕ ЖҮРЕК ЖЫЛУЫН СЫЙЛАЙ БІЛЕЙІК!
ЛАУАЗЫМ — МӘРТЕБЕ ЕМЕС, ЖАУАПКЕРШІЛІК!
The Importance of Learning English in the Modern World