Skip to content

Абыройлы міндет үдесінен шыға беріңіз!

  • / 37 қаралым

Құрметті Серік Үсенұлы!

Сізді кәсіби мереке – Мемлекеттік қызметшілер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Мемлекеттік қызмет – үлкен жауапкершілік пен адалдықты, жоғары кәсібилік пен ел мүддесіне деген шынайы жанашырлықты талап ететін абыройлы міндет. Халықтың әл-ауқатын арттыруға, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және мемлекеттік саясаттың тиімді жүзеге асуына қосып келе жатқан үлесіңіз зор.

Жетісай ауданының өркендеуі мен тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту жолындағы қажырлы еңбегіңіз, ұйымдастырушылық қабілетіңіз бен іскерлігіңіз ел игілігіне бағытталған маңызды бастамалардың жүзеге асуына негіз болып келеді.

Осы мерейлі мереке күні Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, баянды бақыт, жауапты қызметіңізге толағай табыс, жаңа жетістіктер мен ел игілігі жолындағы еңбегіңізге мол береке тілейміз. Халықтың сеніміне ие болып, абыройыңыз әрдайым асқақтай берсін!

Мерекеңіз құтты болсын!

Сізге деген құрметпен: Сатыбалды ЖҮНІСБЕКОВ,

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

🔥 Таңдаулы жаңалықтар

«ЖУРНАЛИСТ ЖОЛДА» ІССАПАРЫ. БІЛІМ ОРДАСЫНДА ӨТКЕН ТАҒЛЫМДЫ ШАРА
ОТБАСЫ – БАҚЫТ МЕКЕНІ
БІР-БІРІМІЗГЕ ЖҮРЕК ЖЫЛУЫН СЫЙЛАЙ БІЛЕЙІК!
ЛАУАЗЫМ — МӘРТЕБЕ ЕМЕС, ЖАУАПКЕРШІЛІК!
The Importance of Learning English in the Modern World