Skip to content

LANGUAGE FEST: ТІЛДЕР ТОҒЫСҚАН МЕРЕКЕ

  • / 92 қаралым

Мектебімізде Тілдер мерекесіне орай «Тілдер кеңістігі: ұлттық құндылықтан жаһандық мүмкіндікке» тақырыбында онкүндік ұйымдастырылды. Онкүндіктің негізгі мақсаты – оқушылардың ана тіліне деген құрметін арттыру, мемлекеттік тілдің мәртебесін дәріптеу, ұлттық құндылықтарды насихаттау және өзге тілдерді меңгеруге қызығушылығын дамыту.

Онкүндік барысында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде түрлі танымдық, шығармашылық, әдеби-мәдени және зияткерлік іс-шаралар өткізілді. Оқушылар тіл байлығын танытып, шығармашылық қабілеттерін шыңдап, ұлттық мұра мен тілдің қоғамдағы маңызы туралы білімдерін кеңейтті.

Онкүндіктің қорытындысы «LANGUAGE FEST: Тілдер тоғысқан мереке» атты салтанатты кешпен түйінделді. Үш тілде жүргізілген мерекелік шарада тілдің халықтың рухани қазынасы, ұлт тарихы мен мәдениетінің алтын арқауы екендігі кеңінен дәріптелді.

Кеш барысында үш тілдің әуезін тоғыстырған әдеби монтаж, 5 «В» сынып оқушыларының орындауындағы «Рух пен Тіл» әні, Ахмет Байтұрсынұлының тіл саласындағы мұрасына арналған бейнеролик пен оқушылар арасындағы пікір алмасу ұсынылды. Сонымен қатар 9 «Ә» сынып оқушылары ұлттық және заманауи билерін орындап, «Тіл жанашырлары» көрінісі арқылы ана тілінің тазалығын сақтау идеясын жеткізді.

Мерекелік кеште 7 «Б» сынып оқушысының «Friends» әні, жас күйшілердің «Ер Тұран» күйі, Сәрсенбек Жанболаттың орындауындағы «Ерке сылқым» күйі, Нарикбай Мерейдің ұстаздарға арналған «Учителям» әні, 5 «А» сынып оқушыларының тәжік биі көрермен назарына ұсынылды. Ал 6 «Ә» сынып оқушысы Тәжен Тұртілеудің орындауындағы «Қазақ тілі» әні ана тілімізге деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін әсерлі жеткізді.

«Тілдер кеңістігі: ұлттық құндылықтан жаһандық мүмкіндікке» онкүндігі оқушылардың тілге, әдебиетке, ұлттық өнер мен мәдениетке қызығушылығын арттырған тағылымды шара болды. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің бір сахнада тоғысуы тілдердің адамдарды жақындастырып, достық пен өзара сыйластыққа бастайтын рухани көпір екенін көрсетті.

Тіл – бабадан қалған аманат, ұлттың рухы мен мәңгілік мұрасы. Ана тілімізді ардақтап, өзге тілдерді құрметтеу – білімді де мәдениетті ұрпақтың белгісі. Тіліміз тұғырлы, бірлігіміз берік болсын!

Мырзабекова Баршын Оналбековна,

№10 «Қайнар» мектеп-гинмазия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Жетісай ауданы.

🔥 Таңдаулы жаңалықтар

«ЖУРНАЛИСТ ЖОЛДА» ІССАПАРЫ. БІЛІМ ОРДАСЫНДА ӨТКЕН ТАҒЛЫМДЫ ШАРА
ОТБАСЫ – БАҚЫТ МЕКЕНІ
БІР-БІРІМІЗГЕ ЖҮРЕК ЖЫЛУЫН СЫЙЛАЙ БІЛЕЙІК!
ЛАУАЗЫМ — МӘРТЕБЕ ЕМЕС, ЖАУАПКЕРШІЛІК!
The Importance of Learning English in the Modern World
↑