Түркістан облысы, Жетісай ауданындағы Ә. Молдағұлова атындағы №34 жалпы білім беретін мектепте «2026–2027 оқу жылында серіктес мектептермен бірлесе жұмыс жүргізуге арналған мектепті дамытудың іс-шаралар жоспарына» сәйкес кездесу-семинар өтті.
Семинар «Жетекші мектеп – серіктес мектеп: ортақ мақсат, ортақ нәтиже» тақырыбында ұйымдастырылды.
Кездесуге серіктес мектептер – Ш. Құдайбердиев атындағы №32 ЖББМ, М. Мәметова атындағы №33 ЖББМ, №35 Қараөзек ЖББМ және №36 НОМ-нің жауапты орынбасарлары мен шығармашылық топ жетекшілері қатысты.
Семинар барысында жетекші мектеп пен серіктес мектептердің бірлескен жұмысының мақсаты мен міндеттері талқыланып, 2026–2027 оқу жылына арналған мектепті дамытудың іс-шаралар жоспары жан-жақты қарастырылды.
Сонымен қатар серіктес мектептердің кәсіби қажеттіліктері мен педагогтердің сұраныстарын анықтауға арналған сауалнама таныстырылды. Әдістемелік жұмыстарға бастапқы талдау жүргізіп, мектептердің күшті тұстары мен даму бағыттарын айқындаудың маңыздылығы атап өтілді.
Сауалнама нәтижелері негізінде әр серіктес мектептің нақты қажеттілігіне сәйкес қолдау бағыттарын белгілеу және жеке даму карталарын әзірлеу жоспарланды.
Семинар барысында №35 Қараөзек ЖББМ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Г. Бектасова, М. Мәметова атындағы №33 ЖББМ директорының бейіндік ісі жөніндегі орынбасары Т. Досанов, Ш. Құдайбердиев атындағы №32 ЖББМ шығармашылық топ жетекшісі Г. Оналбаева сөз алып, оқу-тәрбие үдерісі, серіктес мектептердің өзара жұмысы, жоспардың мазмұны және семинардың маңызы жөніндегі пікірлерімен бөлісті.
Кездесу соңында серіктес мектептер арасындағы байланысты үздіксіз жалғастыру, тәжірибе алмасуды күшейту мақсатында әлеуметтік желіде «Серіктес мектептер қоғамдастығын» құру туралы ортақ шешім қабылданды.
Бұл кездесудің негізгі мақсаты – бір мектептің тәжірибесін екіншісіне жай ғана ұсыну емес, өзара тәжірибе алмасу, кәсіби қажеттілікті анықтау, бір-біріне қолдау көрсету және нақты нәтижеге бірге жету.
Өйткені жетекші мектеп пен серіктес мектеп арасындағы жұмыстың мәні –
ортақ әрекет → өзара қолдау → тәжірибе алмасу → нақты нәтиже.
Алдағы жұмыстарымыз осы бағытта жалғасын табады.
Юсуп Давлатов
Директордык бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары
ЖЕТІСАЙ АУДАНЫ