Skip to content

Ұстаздар мерекесіне арнау

  • / 121 қаралым

Шәкіртін ойлайды күні, түн,
Ертеңнен күтеді үмітін,
Ұстаздар- білімнің шырағы,
Сөнбесін ешқашан үмітің.

Ең қиын жолды ол таңдаған,
Ұстаздан төзімді бар ма адам?
Ойында тұрса да отбасы,
Шәкәртін бірінші таңдаған,
Ұстазды көргенде таң қалам.

Ең адал еңбек деп білемін,
Шәкірт деп соғады жүрегім.
Ұстаздың бәрі де бақытты,
Мектептен алады жігерін,
Бәріде ұстаздан басталған,
Айтшы сен ұстазсыз кім едің?

Шәкіртке болайық біз үлгі,
Алып кел құттықтап гүліңді.
Ұстаздар тойлашы тартынбай,
Бүгінгі мереке күніңді.
Мектепте шәкірттер көбейсін,
Жарық қып шығатын жүзіңді.

Шаршайсың кейде ауыр жүгінен,
Жыр жаздым осылай түнімен.
Бақыт пен жақсылық тілеймін,
Құттықтап ұстаздар күнімен.
Ұжымда сыйласып жүрейік,
Ынтымақ орнасын бүгіннен.
Тілегім көбейсін шәкірттер,
Асатын біреуі бірінен.
Тағы да құттықтап қояйын,
Бүгінгі ұстаздар күнімен!

«№59 Келешек жалпы білім беретін мектеп»

КММ биология пәні мұғалімі

Тультаева Жанар Альмахановна

МАҚТААРАЛ АУДАНЫ АТАКЕНТ КЕНТІ

🔥 Таңдаулы жаңалықтар

«ЖУРНАЛИСТ ЖОЛДА» ІССАПАРЫ. БІЛІМ ОРДАСЫНДА ӨТКЕН ТАҒЛЫМДЫ ШАРА
ОТБАСЫ – БАҚЫТ МЕКЕНІ
БІР-БІРІМІЗГЕ ЖҮРЕК ЖЫЛУЫН СЫЙЛАЙ БІЛЕЙІК!
ЛАУАЗЫМ — МӘРТЕБЕ ЕМЕС, ЖАУАПКЕРШІЛІК!
The Importance of Learning English in the Modern World
↑