Skip to content

ТҮЛЕКТЕРІНЕ ТАУДАЙ ТАЛАП БЕРГЕН ТАҒЛЫМДЫ ҰСТАЗ

  • / 89 қаралым

Білім нәрімен сусындатып, қаншама буынды өмірдің даңғыл жолына баптаған ұлағатты ұстаздардың еңбегі қай кезде де өлшеусіз. Ұстаздық — жай гана мамандық емес, бұл — үлкен жүректілікті, шексіз төзімділікті және өз ісіне деген адалдықты талап ететін мәртебелі миссия. Осындай абыройлы жолда 40 жыл бойы таным мен ғылымның шыңына ұмтылған шәкірттерді тәрбиелеп, өнегелі ғұмыр кешкен ардақты ардагер-ұстаз — Юсупов Бердімұрат Нурмуратович.

  Ғұмырын ғылым мен білімге арнаған 40 жыл

Адам баласының өмірінде ұмытылмас із қалдыратын тұлғалар болады. Солардың бірі әрі бірегейі — Бердімұрат Нурмуратович. Оның педагогикалық саладағы жалпы 40 жылдық еңбек өтілі — білім саласына қосқан өлшеусіз үлесі мен ерен еңбегінің айқын дәлелі.

Еңбек жолын алғаш рет білім ошақтарында бастап, жас буынға сапалы білім беруде мол тәжірибе жинақтаған ұстаз 1995 жылы қазіргі М. Шоқай атындағы №26 жалпы білім беретін мектептің босағасын аттады. Содан бергі ширек ғасырдан астам уақыт бойы, ұжымның ұйтқысы, оқушылардың сүйікті мұғаліміне айналды.

Математиканың сырын ұқтырған шебер педагог

Математика — кез келген оқушыға бірден бағына қоймайтын, сабыр мен терең логиканы талап ететін ғылымдардың төресі. Ал осы күрделі пәнді әр оқушының бойына сүйіспеншілікпен дарыту, формулалар мен теоремалардың артында жатқан өмірлік қисынды ұқтыру — Бердимурат Нурмуратовичтің басты шеберлігі еді.

Ол кісінің сабақ беру әдістемесі қарапайымдылығымен, жүйелілігімен және әрбір баланың қабілетін аша білуімен ерекшеленетін. Бердимурат Нурмуратович сабақта тек сандар мен есептерді шешіп қана қоймай, оқушылардың бойында жауапкершілік, турашылдық, қиындықты жеңе білу сияқты адами асыл қасиеттерді қалыптастырды.

Шәкірттері — ұстаздың мәңгілік мақтанышы

Ұстаз еңбегінің жемісі — оның білімді де саналы шәкірттері. 40 жылдық ұстаздық жолында Бердімұрат Нурмуратович жүздеген оқушыны ұядан ұшырып, үлкен өмірге қанаттандырды. Оның тәлім-тәрбиесін алған шәкірттері бүгінде еліміздің әртүрлі саласында — ғылымда, медицинада, экономикада, білім мен өндірісте абыроймен еңбек етіп жүр.

Олардың әрбір жетістігі мен белесі — кезінде қара тақтаның алдында тұрып, бор ұстаған ардақты ұстаздың маңдай тері мен төккен еңбегінің қайтарымы. Оқушылары олимпиадалар мен халықаралық жарыстарда бақ сынап, мектеп абыройын асқақтатты.

Еңбектің зейнеті мен ұрпаққа өнеге

2020 жылы Бердимурат Нурмуратович 40 жылдық жемісті де заңды еңбегінің нәтижесінде құрметті зейнет демалысына шықты. Десе де, ол кісінің М. Шоқай мектебінің қабырғасында калдырған өнегелі ізі, әріптестеріне көрсеткен ағалық қамқорлығы мен мектеп тарихындағы орны әрқашан биік.

Бүгінгі таңда ардагер-ұстаз еңбегінің зейнетін көріп, отбасының берекесі, шәкірттерінің мақтанышы болып отыр.

«Мұғалім — өзінің білімін үздіксіз арттырып, басқаға сәуле шаша білгенде ғана Ұстаз» демекші, өмірінің төрт онжылдығын жас ұрпаққа сәуле шашуға арнаған Юсупов Бердімұрат Нурмуратовичке денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық тілейміз. Сіздің ұстаздық жолыңыз — кейінгі жас мамандарға әрқашан үлгі мен өнеге!

№ 26 М.Шоқай атындағы жалпы білім беретін мектеп КММ-нің

Математика пәні мұғалімі: Юсупова Жазира Бердимуратовна

Жетісай ауданы

🔥 Таңдаулы жаңалықтар

«ЖУРНАЛИСТ ЖОЛДА» ІССАПАРЫ. БІЛІМ ОРДАСЫНДА ӨТКЕН ТАҒЛЫМДЫ ШАРА
ОТБАСЫ – БАҚЫТ МЕКЕНІ
БІР-БІРІМІЗГЕ ЖҮРЕК ЖЫЛУЫН СЫЙЛАЙ БІЛЕЙІК!
ЛАУАЗЫМ — МӘРТЕБЕ ЕМЕС, ЖАУАПКЕРШІЛІК!
The Importance of Learning English in the Modern World
↑