Skip to content

Адал ата-ана – қауіпсіз балалық шақ

  • / 144 қаралым

Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру;

Отбасындағы адалдық, сенім, қауіпсіздік құндылықтарын насихаттау;

Баланың қауіпсіз ортада тәрбиеленуінің маңызын түсіндіру;

Мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайту.

Міндеттері:

Баланың психологиялық және физикалық қауіпсіздігі туралы түсінік қалыптастыру;

Ата-аналарға бала тәрбиесіндегі дұрыс қарым-қатынас жолдарын ұсыну;

Қауіпсіз балалық шақтың негізгі қағидаларын талқылау.

Көрнекіліктер:

Презентация;

Нақыл сөздер;

Бейнеролик;

Жаднама парақтары;

Постер, маркерлер.

Жиналыс барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

Ата-аналарды қарсы алу.

Жиналыстың тақырыбымен таныстыру.

Психологиялық ахуал

«Жылы лебіз» тренингі

Әр ата-ана өз баласына арналған бір жақсы қасиетті айтып шығады.

ІІ. Кіріспе сөз

Құрметті ата-аналар!

Бала – біздің болашағымыз, өміріміздің жалғасы. Әрбір бала мейірім мен қамқорлыққа, қауіпсіз ортада өмір сүруге құқылы. Баланың тәрбиелі, білімді, қауіпсіз ортада өсуі – ең алдымен отбасының міндеті. Сондықтан адалдық пен сенімге негізделген отбасы ғана баланың жарқын болашағын қалыптастырады.

ІІІ. Негізгі бөлім

1. «Адал ата-ана қандай болуы керек?» тақырыбында пікір алмасу

Ата-аналарға сұрақтар:

Бала үшін ата-ананың ең басты қасиеті қандай?

Бала қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етесіз?

Отбасында сенім атмосферасын қалай қалыптастырасыз?

2. Баяндама

«Қауіпсіз балалық шақ – қоғамның басты міндеті»

Баланың қауіпсіздігі тек көшеде немесе мектепте ғана емес, үйде де сақталуы керек. Қазіргі таңда балалар интернеттен, әлеуметтік желіден, бөтен адамдармен қарым-қатынастан түрлі қауіптерге тап болуы мүмкін. Сондықтан:

Баламен ашық сөйлесу;

Күнделікті көңіл күйіне назар аудару;

Интернетті қолдануын бақылау;

Баланы тыңдай білу;

Отбасында мейірімді қарым-қатынас орнату өте маңызды.

3. Топтық жұмыс

Ата-аналарды 2 топқа бөлу.

1-топ:

«Қауіпсіз отбасы қандай болуы керек?» постер қорғау.

2-топ:

«Бақытты балалық шақтың 5 қағидасы» тақырыбында ой бөлісу.

4. Жағдаяттық сұрақтар

Балаңыз интернетте ұзақ отырады. Не істейсіз?

Балаңыз көңілсіз келді, бірақ ештеңе айтпайды. Қалай әрекет етесіз?

Балаңыз мектепке барғысы келмейді. Себебін қалай анықтайсыз?

IV. Қорытынды бөлім

Мұғалімнің қорытынды сөзі

Бала тәрбиесі – үлкен жауапкершілік. Баланың қауіпсіздігі мен тәрбиесі отбасыдан басталады. Адалдыққа тәрбиеленген бала – қоғамның саналы азаматы болады. Сондықтан әрбір ата-ана балаға мейірім, қамқорлық және қауіпсіз орта сыйлауы қажет.

V. Рефлексия

«Мен бүгін…»

түсіндім…

ойландым…

болашақта қолданамын…

VI. Ұсыныстар:

Ата-аналарға арналған жаднама:

Балаңызды тыңдаңыз;

Күн сайын жылы сөз айтыңыз;

Интернет қауіпсіздігін бақылаңыз;

Баламен бірге уақыт өткізіңіз;

Оның достары мен қызығушылықтарына назар аударыңыз.

Нақыл сөз

«Бала тәрбиесі — бесіктен».

«Тәрбие — тал бесіктен басталады».

 Түркістан облысы Жетісай ауданы Асықата кенті

№13 ЖББМ» КММ бастауыш сынып

 мұғалімі Попова Диана Алексеевна

🔥 Таңдаулы жаңалықтар

«ЖУРНАЛИСТ ЖОЛДА» ІССАПАРЫ. БІЛІМ ОРДАСЫНДА ӨТКЕН ТАҒЛЫМДЫ ШАРА
ОТБАСЫ – БАҚЫТ МЕКЕНІ
БІР-БІРІМІЗГЕ ЖҮРЕК ЖЫЛУЫН СЫЙЛАЙ БІЛЕЙІК!
ЛАУАЗЫМ — МӘРТЕБЕ ЕМЕС, ЖАУАПКЕРШІЛІК!
The Importance of Learning English in the Modern World