Skip to content

АСА ЖАУАПТЫ ӘРІ МӘРТЕБЕЛІ МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

  • / 247 қаралым

Құрметті Бақыт Нәсірханұлы!
Сізді кәсіби мереке – 23 маусым – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметші күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекеттік қызмет – халықтың сенімін ақтап, ел мүддесіне адал қызмет етуді талап ететін аса жауапты әрі мәртебелі міндет. Бұл салада қызмет ету – жоғары кәсібилік пен парасаттылықты, адалдық пен табандылықты қажет етеді.
Сіз аудан әкімі ретінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға, елді мекендердің инфрақұрылымын жақсартуға және мемлекеттік саясаттың тиімді жүзеге асуына аянбай еңбек етіп келесіз. Ауданды дамыту жолындағы жүйелі жұмыстарыңыз бен тың бастамаларыңыз тұрғындардың ризашылығына бөленіп, өңірдің өркендеуіне өзіндік үлесін қосып келеді.
Осы мерейлі күні Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, еңбегіңізге толағай табыс, жауапты қызметіңізге қажымас қайрат пен мол жетістіктер тілейміз. Ел игілігі жолындағы еңбегіңіз әрдайым жемісті болып, абырой-беделіңіз арта берсін!
Мемлекетіміздің өсіп-өркендеуі жолындағы игі бастамаларыңызға сәттілік серік болып, ауданымыздың дамуына бағытталған жұмыстарыңыз жаңа белестерге жете берсін!
Кәсіби мерекеңіз құтты болсын!

Құрметпен: Сатыбалды ЖҮНІСБЕКОВ,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

🔥 Таңдаулы жаңалықтар

«ЖУРНАЛИСТ ЖОЛДА» ІССАПАРЫ. БІЛІМ ОРДАСЫНДА ӨТКЕН ТАҒЛЫМДЫ ШАРА
ОТБАСЫ – БАҚЫТ МЕКЕНІ
БІР-БІРІМІЗГЕ ЖҮРЕК ЖЫЛУЫН СЫЙЛАЙ БІЛЕЙІК!
ЛАУАЗЫМ — МӘРТЕБЕ ЕМЕС, ЖАУАПКЕРШІЛІК!
The Importance of Learning English in the Modern World