Skip to content

БАЛА ҚУАНЫШЫ – ҚОҒАМ ҚУАНЫШЫ

  • / 45 қаралым

Балалық шақ – арман мен қиялдың, шаттық пен қызыққа толы ерекше кезең. Әсіресе жаз мезгілі балалар үшін жаңа әсерлер мен жарқын сәттердің бастауы болып саналады. Осы орайда Түркістан облысы Жетісай ауданы Асықата кенті «Н.Төреқұлов атындағы №13 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  мектеп жанындағы «Балдәурен» жазғы демалыс жұмысы оқушылардың уақытын тиімді өткізуіне, шығармашылық қабілеттерін дамытуына және достарымен қызықты сәттерді бөлісуіне зор мүмкіндік берді.

    «Балдәурен» жазғы демалыс шаралары балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, олардың бос уақытын мазмұнды өткізуге бағытталды. Мектеп ауласында өткен мерекелік бағдарлама барысында оқушылар түрлі ойындарға қатысып, өнерлерін көрсетіп, белсенділік танытты.

     Шара барысында балалар ән айтып, би билеп, қызықты сайыстар мен спорттық ойындарға қатысты. Әрбір қатысушы өз қабілетін танытып, достарымен бірге көтеріңкі көңіл күйде уақыт өткізді. Әсіресе командалық жарыстар балалардың ұйымшылдығын арттырып, бір-біріне деген сыйластық пен қолдауды нығайта түсті.

Мерекелік күннің ерекше әсерлі тұстарының бірі – балалардың шығармашылық жұмыстары болды. Олар сурет салып, түрлі тақырыптағы тапсырмаларды орындап, өз қиялдарының кеңдігін көрсетті. Әрбір жұмыс балғындардың дүниетанымы мен шығармашылық әлеуетін айқын аңғартты.

Лагердің  соңғы күндерінде балаларға тәтті сыйлықтар ұсынылып, көтеріңкі көңіл күй сыйланды. Балалардың жүзіндегі қуаныш пен шынайы күлкі ұйымдастырылған шараның басты жетістігі болды.

Мұндай тәрбиелік және танымдық маңызы зор шаралар жас ұрпақтың жан-жақты дамуына ықпал етіп, олардың бойында достық, жауапкершілік және белсенділік қасиеттерін қалыптастырады. Балалардың бақытты күлкісі мен жарқын әсерлері – ұстаздар еңбегінің ең үлкен марапаты.

    Бала қуанышы – қоғам қуанышы. Сондықтан өскелең ұрпақтың сапалы демалысы мен жарқын болашағы жолындағы игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

Адырбекова Перуза Шерехановна,

«Н.Төреқұлов атындағы №13 ЖББМ» КММ

директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары.

Жетісай ауданы.

🔥 Таңдаулы жаңалықтар

«ЖУРНАЛИСТ ЖОЛДА» ІССАПАРЫ. БІЛІМ ОРДАСЫНДА ӨТКЕН ТАҒЛЫМДЫ ШАРА
ОТБАСЫ – БАҚЫТ МЕКЕНІ
БІР-БІРІМІЗГЕ ЖҮРЕК ЖЫЛУЫН СЫЙЛАЙ БІЛЕЙІК!
ЛАУАЗЫМ — МӘРТЕБЕ ЕМЕС, ЖАУАПКЕРШІЛІК!
The Importance of Learning English in the Modern World