Қазіргі таңда балабақша – баланың тұлға болып қалыптасуындағы алғашқы әрі маңызды білім беру мекемесі. Бала алғаш рет отбасынан тыс ортаға шығып, өз қатарластарымен қарым-қатынас жасауды, қоғамдық ортада өзін ұстауды және жаңа білім мен дағдыларды меңгеруді осы жерден бастайды.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту баланың жан-жақты дамуына ықпал етеді. Балабақшада балалардың танымдық қабілеттері, ойлау жүйесі, сөйлеу мәдениеті, шығармашылық қабілеттері дамиды. Сонымен қатар олар еңбекке баулу, қоршаған ортамен танысу, ұлттық құндылықтарды құрметтеу сияқты маңызды тәрбиелік бағыттарды меңгереді.
Балабақшадағы тәрбиешінің рөлі ерекше. Тәрбиеші баланың қызығушылығын оятып, оның қабілеттерін ашуға көмектеседі. Әр баланың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, олардың білімге деген құштарлығын арттырады. Балабақшада өткізілетін түрлі ойындар, мерекелік іс-шаралар мен танымдық сабақтар балалардың әлеуметтік және эмоционалдық дамуына оң әсер етеді.
Балабақша мен ата-ананың тығыз байланысы да маңызды. Бала тәрбиесінде отбасы мен балабақша бірлесе жұмыс істеген жағдайда ғана жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады. Ата-ананың қолдауы мен тәрбиешінің кәсіби шеберлігі баланың болашақта табысты тұлға болып қалыптасуына негіз қалайды.
Қорыта айтар болсақ, бүгінде балабақша – баланың алғашқы білім ордасы ғана емес, оның өмірге деген көзқарасы мен мінез-құлқы қалыптасатын маңызды орта. Сондықтан мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің сапасын арттыру – болашақ ұрпақтың жарқын келешегінің кепілі болып табылады..
Жанат БАТЫРХАНОВА,
“Бақнұр” бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі.
Жетісай ауданы.