
Біздің Ғани Мұратбаев атындағы №61 жалпы білім беретін мектебіміздің оқушысы, облыстық байқауда жүлделі орынға ие болды
Ұлттық рухты ұлықтап, ата-баба мұрасын дәріптеуді мақсат еткен облыстық «Бабалар мұрасы – ұрпаққа ұлағат» байқауында мектебіміздің оқушылары зор жетістікке жетті.
Байқау барысында қазақтың батырлық жырларын насихаттап, өнері мен таланты арқылы көпшілік ықыласына бөленген Кенжеқызы Балнұр «Батыр Баян» жыры номинациясы бойынша ІІІ орын иеленіп, 200 000 теңгелік сертификатпен марапатталды.
Жас дарын иесін шын жүректен құттықтаймыз! Ұлттық құндылықтарды қастерлеп, қазақ руханиятын дәріптеп жүрген шәкіртіміздің бұл жетістігі – мектебіміздің мақтанышы.
Балнұрға шығармашылық шабыт, биік белестер мен толағай табыстар тілейміз! Алар асуы әрдайым биік болсын!
Маханбетова Болганай Канаевна,
Ғани Мұратбаев атындағы №61 ЖББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
Жетісай ауданы.