Skip to content

Білім мен ойын – бірлікте

  • / 61 қаралым

Көңілді үзіліс – көтеріңкі көңіл мен белсенділіктің бастауы

№10 «Қайнар» мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Тұлға тәрбиесі – адалдық пен кәсібилік бастауы» атты онкүндік аясында оқушыларға арналған «Білім мен ойын – бірлікте» тақырыбында өнегелі 15 минуттық көңілді үзіліс ұйымдастырылды.

Аталған шараның негізгі мақсаты – оқушылардың оқу процесіндегі белсенділігін арттыру, сергіту сәті арқылы олардың танымдық, қозғалыс және шығармашылық қабілеттерін дамыту, сондай-ақ ұлттық және ұжымдық ойындар арқылы достық қарым-қатынасты нығайту болды.

Көңілді үзіліс барысында оқушылар әртүрлі қызықты ойындарға қатысып, ерекше әсерге бөленді. Ойындар балалардың шапшаңдығын, ұйымшылдығын, тапқырлығын арттырып қана қоймай, бір-біріне қолдау көрсету мен ортақ мақсатқа жұмыла әрекет етуге тәрбиеледі. Мұндай сергіту сәттері оқушылардың эмоционалдық көңіл күйін көтеріп, сабаққа деген ынтасын арттыруға ықпал етті.

Шараны қосымша білім беру педагогы М. Алтынбекова жоғары деңгейде ұйымдастырып, әрбір оқушының белсенді қатысуына жағдай жасады. Оқушылар көңілді әрі пайдалы өткен үзілістен ерекше әсер алып, мұндай іс-шаралардың жиі өткізілуін қолдайтындықтарын жеткізді.

«Білім мен ойын – бірлікте» атты көңілді үзіліс – оқушылардың жан-жақты дамуына, бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және мектеп өмірін қызықты етуге бағытталған тағылымды шаралардың бірі болды. Осындай мазмұнды жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады деген сенім мол.

№10 «Қайнар» мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Қосымша білім беру педагогы — Алтынбекова Майра

Жетісай ауданы

🔥 Таңдаулы жаңалықтар

«ЖУРНАЛИСТ ЖОЛДА» ІССАПАРЫ. БІЛІМ ОРДАСЫНДА ӨТКЕН ТАҒЛЫМДЫ ШАРА
ОТБАСЫ – БАҚЫТ МЕКЕНІ
БІР-БІРІМІЗГЕ ЖҮРЕК ЖЫЛУЫН СЫЙЛАЙ БІЛЕЙІК!
ЛАУАЗЫМ — МӘРТЕБЕ ЕМЕС, ЖАУАПКЕРШІЛІК!
The Importance of Learning English in the Modern World