Skip to content

БІР МАҚСАТ – БІРТҰТАС ТӘРБИЕ

  • / 87 қаралым

Ата мен бала – ұрпақтар сабақтастығы қазақ тәрбиесінде үлкеннің орны қашанда бөлек болған. «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» деген ұстаным халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан тәрбиелік дәстүрінің негізін құрайды.

Бүгінгі балаға ұлттық құндылықтарды жеткізуде ата мен әженің өмірлік тәжірибесі – баға жетпес мұра. Атаның батасы, әженің өнегесі, отбасы тарихы мен шежіресі баланың бойында туған елге, туған жерге деген құрметті қалыптастырады.

Осы ретте мектеп пен отбасы арасындағы байланысты күшейту маңызды. Ата-әжелермен кездесулер, «Атамның әңгімесі», «Әжемнің өнегесі», «Отбасы шежіресі», «Ұрпақтар сабақтастығы» секілді жобалар баланың ұлттық болмысын тануына жол ашады.Өткенін білген ұрпақ – бүгінін бағалап, болашағын дұрыс бағдарлай алады. Заң мен тәртіпті сақтау, қоршаған ортаны қорғау, үлкенді сыйлау – бір қарағанда үш түрлі бағыт болғанымен, олардың барлығы бір мақсатқа тоғысады. Ол – еліне адал, жеріне жанашыр, қоғамға жауапты азамат тәрбиелеу. Мұндай тәрбие бір күнде қалыптаспайды. Ол баланың күнделікті әрекетінен, отбасының үлгісінен, мұғалімнің өнегесінен және қоғамның қолдауынан құралады. Адал азамат тәрбиелеу – бүгінгі күннің ғана емес, болашақтың міндеті. Себебі елдің ертеңі – бүгінгі мектеп партасында отырған жас ұрпақтың қолында.

Сондықтан әрбір отбасы, әрбір ұстаз, әрбір азамат бала тәрбиесіне өз үлесін қосқанда ғана заңды құрметтейтін, тазалықты бағалайтын, үлкеннің өнегесін жалғастыратын, елін сүйетін адал азаматтар қалыптасады.

Бердалиева Асия Темировна,

№10 «Қайнар» мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары.

Жетісай ауданы.

🔥 Таңдаулы жаңалықтар

«ЖУРНАЛИСТ ЖОЛДА» ІССАПАРЫ. БІЛІМ ОРДАСЫНДА ӨТКЕН ТАҒЛЫМДЫ ШАРА
ОТБАСЫ – БАҚЫТ МЕКЕНІ
БІР-БІРІМІЗГЕ ЖҮРЕК ЖЫЛУЫН СЫЙЛАЙ БІЛЕЙІК!
ЛАУАЗЫМ — МӘРТЕБЕ ЕМЕС, ЖАУАПКЕРШІЛІК!
The Importance of Learning English in the Modern World
↑