Skip to content

ҚАУІПСІЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ – БАСТЫ НАЗАРДА

  • / 101 қаралым

Мектебімізде 6–11 сынып оқушыларының қатысуымен «Қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында маңызды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың, әлімжеттік пен зорлық-зомбылықтың, буллинг пен кибербуллингтің, сондай-ақ нашақорлықтың алдын алу.

Кездесу барысында оқушыларға құқықбұзушылықтың салдары жан-жақты түсіндіріліп, қорқытып ақша жинау, алаяқтық әрекеттердің алдын алу жолдары туралы маңызды мәліметтер берілді. Сонымен қатар заң алдындағы жауапкершілік мәселесі кеңінен қозғалып, әрбір жасөспірімнің өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарауы қажеттігі айтылды.

Шара аясында көктемгі егін науқаны кезеңінде кәмелетке толмаған оқушыларды сабақ уақытында дала жұмыстарына тартуға жол берілмейтіні ерекше атап өтілді. Әр баланың сапалы білім алуға құқығы бар екені де назардан тыс қалмады.

Бұдан бөлек, оқушыларға электр және өрт қауіпсіздігі, жолда жүру ережелерін сақтау жөнінде де пайдалы ақпараттар ұсынылды. Бұл түсіндірмелер оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталды.

Кездесуді мектеп директоры Қ.Умиралиев, мектеп инспекторы Е.Маликов, ДТЖЖО Б. Асықбаев, педагог-ұйымдастырушы К. Аликулова және аға-вожатый Д. Мурадова өткізді.

Е.МАЛИКОВ,

№55 «Жеңістің 50 жылдығы» атындағы ЖББМ инспекторы.

Жетісай ауданы.

🔥 Таңдаулы жаңалықтар

«ЖУРНАЛИСТ ЖОЛДА» ІССАПАРЫ. БІЛІМ ОРДАСЫНДА ӨТКЕН ТАҒЛЫМДЫ ШАРА
ОТБАСЫ – БАҚЫТ МЕКЕНІ
БІР-БІРІМІЗГЕ ЖҮРЕК ЖЫЛУЫН СЫЙЛАЙ БІЛЕЙІК!
ЛАУАЗЫМ — МӘРТЕБЕ ЕМЕС, ЖАУАПКЕРШІЛІК!
The Importance of Learning English in the Modern World