
Бүгінгі цифрлық заманда кибербуллинг, әлеуметтік желідегі қауіптер, интернет мәдениеті де тәрбие жұмысының маңызды бағытына айналды. Оқушыларға цифрлық қауіпсіздік ережелерін үйрету, ақпаратты дұрыс пайдалану мәдениетін қалыптастыру – қауіпсіз ортаның ажырамас бөлігі.
Өз тәжірибемде оқушылармен сенімге негізделген қарым-қатынас орнатуға басымдық беремін. Әр бала өзін тыңдайтын, түсінетін ересек адамның бар екенін сезінгенде ғана мектепті қауіпсіз орта ретінде қабылдайды. Сондықтан тәрбие жұмысының өзегі – сенім, сыйластық және қолдау.
Қорытындылай келе, қауіпсіз мектеп ортасы бір күнде қалыптаспайды. Ол – жүйелі тәрбие жұмысының, педагогтердің кәсіби ізденісінің және ата-анамен тиімді серіктестіктің нәтижесі. Қауіпсіз орта қалыптасқан мектепте оқушының білім алуға ынтасы артып, тұлғалық дамуына кең мүмкіндік ашылады. Тәрбие жүйесінің басты мақсаты да – осындай мейірімді, жауапты және қауіпсіз мектеп мәдениетін қалыптастыру.
71 жалпы білім беретін мектеп
Қосымша білім беру педагогы
Абетаева Айжан Бейбітқызы
ЖЕТІСАЙ АУДАНЫ