
Күнделікті өмірде біз үнемі қозғалыста боламыз. Мысалы, мектепке жаяу барамыз, велосипед тебеміз немесе көлікпен жол жүреміз. Осындай қозғалыстар кезінде біз белгілі бір уақыт ішінде белгілі бір қашықтықты жүріп өтеміз. Ал осы қашықтық пен уақыттың байланысын көрсететін ұғым қозғалыстың орташа жылдамдығы деп аталады.
Орташа жылдамдық дегеніміз – дененің белгілі бір уақыт ішінде жүріп өткен қашықтығы. Басқаша айтқанда, ол дененің қаншалықты тез немесе баяу қозғалғанын көрсетеді. Мысалы, егер оқушы үйінен мектепке дейін 600 метр қашықтықты 10 минутта жүріп өтсе, онда оның қозғалысының орташа жылдамдығын есептеуге болады.
Мысалы, велосипедпен жүрген оқушы 12 километр жолды 3 сағатта жүріп өтті делік. Осы жағдайда орташа жылдамдықты табу үшін 12 километрді 3 сағатқа бөлеміз. Сонда оның орташа жылдамдығы сағатына 4 километр болады.
Орташа жылдамдықты білу өмірде өте маңызды. Ол көліктің қозғалысын жоспарлауға, сапар уақытын анықтауға және жол қауіпсіздігін сақтауға көмектеседі. Мысалы, жүргізушілер жол жүру уақытын есептеу үшін жылдамдықты пайдаланады. Сол сияқты спортшылар да өз нәтижелерін жақсарту үшін жылдамдықтарын өлшейді.
6-сынып оқушылары үшін бұл тақырыпты түсіну өте қызықты. Себебі әркім өз қозғалысының жылдамдығын есептеп көре алады. Мысалы, мектеп ауласында 100 метр қашықтықты қанша уақытта жүгіріп өтетініңді өлшеп, өз жылдамдығыңды есептеуге болады. Бұл әрі қызықты, әрі пайдалы тәжірибе болмақ.
Қорыта айтқанда, қозғалыстың орташа жылдамдығы – күнделікті өмірде жиі кездесетін маңызды ұғымдардың бірі. Оны дұрыс түсіну оқушыларға есептерді оңай шығаруға және қоршаған ортаны жақсырақ тануға көмектеседі.
Нуржанова Назия Жаппаровна,
«№76 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагогы.
Жетісай ауданы.