Skip to content

ҚҰҚЫҚ САЛАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

  • / 86 қаралым

  Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты Ғ.Мұратбаев атындағы №61 жалпы білім беретін мектепте «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында кәсіптік бағдар беру педагогының ұйымдастыруымен мектеп бітіруші түлектерге арналған «Заң мен тәртіп» тақырыбында құқық саласының мамандарымен кездесу өтті.

 Кездесудің басты мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарау, жауапкершілік пен адалдық құндылықтарын қалыптастыру, сондай-ақ құқық саласындағы мамандықтарға қызығушылығын арттыру.

 Кездесуге арнайы шақырылған қонақтар:

1.Жетісай аудандық білім бөлімінің көші-қон қызметі бөлімі жөніндегі аға инспекторы полиция капитаны Өмірбек Абылайхан Алтайұлы.

2.Жетісай аудандық полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік басқармасы ювеналдық полиция тобының инспекторы полиция майоры Зұлпыхарова Айгерім Қайратқызы

3.Жетісай аудандық полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімі учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Кайпов Сапархан Ырысмаханбетұлы

4.Жетісай аудандық полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік басқармасы ювеналдық полиция  тобының аға инспекторы полиция майоры Турлыбеков Мустафа.

  Іс-шара барысында мамандар Қазақстан Республикасының заңнамалары, жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, интернет алаяқтық, жауапкершілік түрлері және азаматтық құқықтар мен міндеттер туралы кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Түлектер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, нақты өмірлік мысалдар арқылы пайдалы мәліметтер алды.

 Сонымен қатар өздерінің кәсіби саласында атқарып жатқан жұмыстары,мамандық таңдау туралы ой-пікірлері,жетістіктері туралы баяндап,білім алушылардың құқық қорғау саласына деген қызығушылығын арттырды.

Пирназарова Айсара Турсынмуратовна,

Ғ.Мұратбаев атындағы №61 ЖББМ кәсіптік бағдар беру педагогы.

Жетісай ауданы.

Ғ. Мұратбаев атындағы №61 ЖББМ

🔥 Таңдаулы жаңалықтар

«ЖУРНАЛИСТ ЖОЛДА» ІССАПАРЫ. БІЛІМ ОРДАСЫНДА ӨТКЕН ТАҒЛЫМДЫ ШАРА
ОТБАСЫ – БАҚЫТ МЕКЕНІ
БІР-БІРІМІЗГЕ ЖҮРЕК ЖЫЛУЫН СЫЙЛАЙ БІЛЕЙІК!
ЛАУАЗЫМ — МӘРТЕБЕ ЕМЕС, ЖАУАПКЕРШІЛІК!
The Importance of Learning English in the Modern World