Skip to content

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР МЕН МЕКТЕП БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕР НАЗАРЫНА

Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты Жетісай ауданының №55 «Жеңістің 50 жылдығы» жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2025-2026 оқу жылындағы соңғы қоңырау, қорытынды аттестаттау, ҰБТ тапсыруда мына жағдайларды ескертеді:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мақсатында мектеп қажеттіліктерін өтеу үшін бітіруші 4,9,11 сыныптардан ақша жинауға тыйым салынады.

Мектептің ішкі жөндеу жұмыстарына қажетті санитарлық-шаруашылық заттарды сатып алу мақсатында білім алушылардан ақша жинауға тыйым салынады.

Оқушыларды «Соңғы қоңырау» іс-шарасының өткізілу тәртібі мен қауіпсіздік талаптарын сақтау туралы нұсқаулықпен таныстыра отырып, ата-анасының немесе заңды өкілінің, тек біреуінің қатысуы кешенді қауіпсіздік шараларды қамтамасыз ететіндігін ескертеміз.

Педагогикалық этика және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында мектеп әкімшілігіне және ұстаздарға кез келген түрдегі сыйлықтарды қабылдауға тыйым салынады.

Оқушылардың автокөлік шеруіне шығып, ойын-сауық алаңдары, мейрамханалар мен саябақтарға баруына тыйым салынатындығын ескертеміз.

Қорытынды аттестаттау кезінде әртүрлі мақсатта ата-аналардан қаражат жинап, мерекелік дастархан ұйымдастыруға тыйым салынады.

Құрметті ата-ана жоғарыда айтылған талаптарды назарға ала отырып, оқушылардың қауіпсіздігіне бей-жай қарамауларыңызды өтінеміз.

Сіздердің ұл-қыздарыңызға сапалы білім мен саналы тәрбие беру біз үшін абыройлы-міндет !!!

Құрметпен, Умиралиев Казыбек Абуталипович,

№55 «Жеңістің 50 жылдығы» ЖББМ КММ-нің директоры.

Жетісай ауданы.

🔥 Таңдаулы жаңалықтар

«ЖУРНАЛИСТ ЖОЛДА» ІССАПАРЫ. БІЛІМ ОРДАСЫНДА ӨТКЕН ТАҒЛЫМДЫ ШАРА
ОТБАСЫ – БАҚЫТ МЕКЕНІ
БІР-БІРІМІЗГЕ ЖҮРЕК ЖЫЛУЫН СЫЙЛАЙ БІЛЕЙІК!
The Importance of Learning English in the Modern World
ЛАУАЗЫМ — МӘРТЕБЕ ЕМЕС, ЖАУАПКЕРШІЛІК!