
Мектебімізде орыс тілі мен әдебиеті пәні апталығы аясында оқушылардың білімін тереңдету, шығармашылық қабілеттерін дамыту және пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Литературный брейн-ринг» атты танымдық сайыс өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар орыс тілі мен әдебиеті бойынша алған білімдерін ортаға салып, түрлі қызықты тапсырмалар мен сұрақтарға жауап берді. Қатысушылар өздерінің ой ұшқырлығын, зеректігін, тапқырлығын және шығармашылық қабілеттерін көрсете білді. Сайыс бірнеше кезеңнен тұрып, әр кезеңде оқушылардың тілдік сауаттылығы, әдеби шығармаларды білу деңгейі мен логикалық ойлау қабілеті сынға түсті.
«Литературный брейн-рингтің» негізгі мақсаты – оқушылардың орыс тілі бойынша білімдерін тереңдету, шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамыту, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, жауапкершілік пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу болды. Сонымен қатар, іс-шара оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, әдебиет әлеміне деген сүйіспеншілігін нығайтты.
Сайыс барысында қатысушылар белсенділік танытып, өзара ынтымақтастық пен достық қарым-қатынастың үлгісін көрсетті. Мұндай танымдық шаралар оқушылардың интеллектуалдық әлеуетін арттырып қана қоймай, олардың жан-жақты дамуына оң әсер етеді.
Іс-шара соңында белсенді қатысқан оқушылар марапатталып, ұйымдастырушылар тарапынан алғыс білдірілді. «Литературный брейн-ринг» оқушылар үшін есте қаларлық әрі тағылымды білім сайысы болды.
№10 «Қайнар» мектеп-гимназия» КММ-нің
орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Сауакасова Салтанат Тилектесовна