Skip to content

Мақсат – жауапты және қауіпсіз мектеп мәдениетін қалыптастыру

  • / 179 қаралым

Бүгінгі цифрлық заманда кибербуллинг, әлеуметтік желідегі қауіптер, интернет мәдениеті де тәрбие жұмысының маңызды бағытына айналды. Оқушыларға цифрлық қауіпсіздік ережелерін үйрету, ақпаратты дұрыс пайдалану мәдениетін қалыптастыру – қауіпсіз ортаның ажырамас бөлігі.

Өз тәжірибемде оқушылармен сенімге негізделген қарым-қатынас орнатуға басымдық беремін. Әр бала өзін тыңдайтын, түсінетін ересек адамның бар екенін сезінгенде ғана мектепті қауіпсіз орта ретінде қабылдайды. Сондықтан тәрбие жұмысының өзегі – сенім, сыйластық және қолдау.

Қорытындылай келе, қауіпсіз мектеп ортасы бір күнде қалыптаспайды. Ол – жүйелі тәрбие жұмысының, педагогтердің кәсіби ізденісінің және ата-анамен тиімді серіктестіктің нәтижесі. Қауіпсіз орта қалыптасқан мектепте оқушының білім алуға ынтасы артып, тұлғалық дамуына кең мүмкіндік ашылады. Тәрбие жүйесінің басты мақсаты да – осындай мейірімді, жауапты және қауіпсіз мектеп мәдениетін қалыптастыру.

Абетаева Айжан Бейбітқызы,

№71 жалпы білім беретін мектептің қосымша білім беру педагогы.

Жетісай ауданы.

🔥 Таңдаулы жаңалықтар

«ЖУРНАЛИСТ ЖОЛДА» ІССАПАРЫ. БІЛІМ ОРДАСЫНДА ӨТКЕН ТАҒЛЫМДЫ ШАРА
ОТБАСЫ – БАҚЫТ МЕКЕНІ
БІР-БІРІМІЗГЕ ЖҮРЕК ЖЫЛУЫН СЫЙЛАЙ БІЛЕЙІК!
ЛАУАЗЫМ — МӘРТЕБЕ ЕМЕС, ЖАУАПКЕРШІЛІК!
The Importance of Learning English in the Modern World
↑