Skip to content

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДУЭТ – ТӘЖІРИБЕ МЕН ЖАСАМПАЗДЫҚТЫҢ ҮЙЛЕСІМІ

  • / 84 қаралым

Түркістан өңіріндегі білім беру кеңістігінде мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған игі бастамалар өз жалғасын табуда. Соның жарқын дәлелі – облыстық деңгейде өткен «Педагогикалық дуэт» байқауында «№76 ЖББМ» КММ ұстаздарының жоғары нәтиже көрсетуі.

   Аталған білім ордасының мұғалімдері байқауда үздік өнер көрсетіп, екі І орын мен үш ІІ орынды иеленді. Бұл – тек жекелеген педагогтардың жетістігі ғана емес, тұтас ұжымның жүйелі жұмысының жемісі.

   Байқаудан кейін мектеп қабырғасында жас мамандарға арналған арнайы түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Тәжірибелі ұстаздар өздерінің сайыс барысында қолданған әдіс-тәсілдерімен бөлісіп, олардың тиімділігіне тоқталды. Сабақ құрылымын жоспарлау, оқушыны қызықтыру, шығармашылық тәсілдерді ұтымды қолдану секілді маңызды тұстар кеңінен талқыланды.

   Сонымен қатар, қатысушылар қорғау кезеңінің талаптарына да ерекше мән беру қажеттігін атап өтті. Әділқазылар алқасының бағалау жүйесіндегі ерекшеліктерге тоқталып, олардың кейбірі жас маманның жұмысын жіті бақыласа, енді бірі жетекші ұстаздың кәсіби бағытына назар аударатыны айтылды. Бұл – қатысушылар үшін екі тараптың да бірдей дайындықпен шығуы маңызды екенін көрсетеді.

   Бұдан бөлек, сөз саптау мәдениеті, сахнадағы өзін-өзі ұстау, қозғалыс үйлесімділігі де бағалау барысында ескерілетіні ерекше айтылды. Презентацияның мазмұны мен безендірілуі, оның ұлттық құндылықтармен сабақтастығы да қазылар назарынан тыс қалмайды. Осы талаптардың барлығы мұғалімнің жан-жақты дамуына, кәсіби деңгейінің өсуіне ықпал ететіні сөзсіз.

   Осындай тәжірибе алмасу алаңдары жас мамандар үшін үлкен мектеп екені анық. Олар тек білім беріп қана қоймай, педагогикалық шеберліктің қыр-сырын меңгеруге жол ашады.

   Іс-шараның ұйымдастырушысы, «№76 ЖББМ» КММ директордың бейіндік жұмысы жөніндегі орынбасары Маржан Усенова мұндай бастамалардың алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтті. Оның айтуынша, ұстаздардың кәсіби дамуына бағытталған әрбір қадам – білім сапасын арттырудың негізгі кепілі.

   Қорыта айтқанда, «Педагогикалық дуэт» байқауы тәжірибе мен жаңашылдықты ұштастырған, ұстаздар арасындағы ынтымақтастықты нығайтқан маңызды алаңға айналды. «№76 ЖББМ» КММ ұжымының жетістігі – сапалы білім мен жүйелі еңбектің нақты көрінісі.

Маржан УСЕНОВА,

«№76 ЖББМ» КММ директордың бейіндік жұмысы жөніндегі орынбасары.

Жетісай ауданы.

🔥 Таңдаулы жаңалықтар

«ЖУРНАЛИСТ ЖОЛДА» ІССАПАРЫ. БІЛІМ ОРДАСЫНДА ӨТКЕН ТАҒЛЫМДЫ ШАРА
ОТБАСЫ – БАҚЫТ МЕКЕНІ
БІР-БІРІМІЗГЕ ЖҮРЕК ЖЫЛУЫН СЫЙЛАЙ БІЛЕЙІК!
ЛАУАЗЫМ — МӘРТЕБЕ ЕМЕС, ЖАУАПКЕРШІЛІК!
The Importance of Learning English in the Modern World