
Мемлекеттік рәміздер – әрбір елдің тәуелсіздігін, егемендігін және ұлттық рухын білдіретін қасиетті құндылықтар. Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы және Әнұраны – халқымыздың бірлігі мен бейбіт өмірінің, жарқын болашағының белгісі.
Балабақшада бүлдіршіндерді мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, Отанын сүюге және елін мақтан тұтуға тәрбиелеу маңызды. Тәрбиеленушілерге рәміздердің мағынасы түсіндіріліп, олардың ерекшеліктері туралы әңгімелер жүргізіледі. Балалар көк Туды мақтанышпен танып, Елтаңбаны құрметтеп, Әнұранды орындау кезінде өзін дұрыс ұстауды үйренеді.
«Рәміздеріміз – біздің мақтанышымыз» тақырыбындағы іс-шаралар арқылы балалардың туған жерге деген сүйіспеншілігі артып, елінің тарихы мен мәдениетіне қызығушылығы қалыптасады. Өйткені мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әрбір азаматтың қасиетті борышы, ал бүгінгі бүлдіршін – ертеңгі елінің мақтанышы.
Нұрәлі Гаухар Жұмабекқызы,
“Аянат-сұлу” бөбекжай-балабақшасы ЖШС.
”Қыран аралас тобының” тәрбиешісі.
Жетісай ауданы, Түркістан облысы.