
Құрметті мектеп бітіруші түлектер және қадірлі ата-аналар!
Сіздерді алдағы маңызды кезең – мектеп бітірумен шын жүректен құттықтай отырып, бір маңызды мәселе бойынша өз ойымды жеткізгім келеді.
Соңғы жылдары оқу жылының аяқталуына байланысты мектеп әкімшілігіне, мұғалімдерге түрлі сыйлықтар беру дәстүрге айналып бара жатқаны байқалады. Осыған байланысты сіздерден үлкен түсіністік пен қолдау сұраймын.
Мектеп – білім мен тәрбие ордасы. Мұнда ұстаздардың еңбегі ешқандай материалдық сыйлықпен өлшенбейді. Біздің басты мақсатымыз – сіздердің балаларыңызға сапалы білім беріп, оларды өмірге дайындау. Ал ата-ана мен мектеп арасындағы сенім мен құрмет – ең үлкен құндылық.
Осы орайда, мектеп әкімшілігі атынан келесі ұстанымды назарларыңызға ұсынамыз:
— Мұғалімдер мен мектеп қызметкерлеріне қандай да бір сыйлықтар берудің қажеті жоқ;
— Қаржылай немесе материалдық сыйлықтардан бас тартуды сұраймыз;
— Балалардың шынайы алғысы, жетістігі мен тәрбиесі – біз үшін ең үлкен марапат.
Біз үшін ең маңыздысы – түлектердің жарқын болашағы мен адал еңбегі. Сіздердің қолдауларыңызбен біз осы бағытта бірге жұмыс жасаймыз деп сенемін.
Түсіністік танытып, мектептің осы ұстанымын қолдайсыздар деген үміттеміз.
Шойбеков Бектурсун Смаилович,
«Асықата» мектебінің директоры,
Жетісай ауданы.