Skip to content

ШӘКІРТТЕРІМІЗ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРҒА ИЕ БОЛДЫ

  • / 119 қаралым

Ұлттық мұраны дәріптеу, ұлттық жырларды насихаттау, жас ұрпақтың бойына ата-баба аманатын сіңіру мақсатында ұйымдастырылған облыстық «Бабалар мұрасы – ұрпаққа ұлағат» байқауында мектебіміздің оқушылары жоғары нәтиже көрсетті.

Байқау қорытындысы бойынша:

* «Алпамыс батыр» жыры бойынша Нұрмұрат Нұраят ІІІ орын иеленіп, 200 000 теңгелік сертификатпен марапатталды.

* «Қобыланды батыр» жыры бойынша Бекова Паризат ІІІ орын алып, 200 000 теңгелік сертификатқа ие болды.

* «Батыр Баян» жыры бойынша Накипбек Жұлдызай ІІІ орын иеленіп, 200 000 теңгелік сертификатпен марапатталды.

Жүлдегер оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! Ұлттық құндылықтарды ұлықтап, қазақтың батырлық жырларын насихаттап жүрген талантты шәкірттеріміздің жетістігі – мектебіміздің мерейі. Алар асулары биік, жеңістері мол болсын!   

Карлыгаш АЛДАБЕРГЕНОВА,

 Ғ. Мұратбаев атындағы №61 ЖББМ қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі.

Жетісай ауданы.

🔥 Таңдаулы жаңалықтар

«ЖУРНАЛИСТ ЖОЛДА» ІССАПАРЫ. БІЛІМ ОРДАСЫНДА ӨТКЕН ТАҒЛЫМДЫ ШАРА
ОТБАСЫ – БАҚЫТ МЕКЕНІ
БІР-БІРІМІЗГЕ ЖҮРЕК ЖЫЛУЫН СЫЙЛАЙ БІЛЕЙІК!
ЛАУАЗЫМ — МӘРТЕБЕ ЕМЕС, ЖАУАПКЕРШІЛІК!
The Importance of Learning English in the Modern World