
2026 жылдың сәуірдің 14 жұлдызы күні Шымкент қаласында «Жұмабек Ахметұлы Ташенов» университеті базасында білім беру бағдарламасының сапасын арттыру және оның тиімділігін бағалау мақсатында бітіруші түлектермен мазмұнды сұхбат ұйымдастырылды.
Сұхбат барысында түлектер оқу бағдарламасының мазмұны, оқыту нәтижелері, білім беру сапасы, тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру деңгейі және оқу үдерісіндегі қолдау жөнінде өз ойларын еркін жеткізді.
Түлектер бағдарламаның заман талабына сай екендігін атап өтіп, алған білімдерінің болашақ мамандықтарына қажетті құзыреттерді қалыптастыруға зор ықпал еткенін ерекше ықыласпен жеткізді. Теория мен тәжірибенің өзара үйлесімділігі де жоғары бағасын алды.
Жалпы, сұхбат жоғары деңгейде өтіп, мазмұнды әрі нәтижелі өтті.
Бұл кездесу біз үшін ерекше әсерге толы сәттердің бірі болды. 2003–2007 жылдар аралығында білім алған «Сырдария» университетіміз қайтадан көз алдымызға келіп, жүрекке жылы естеліктер сыйлады.
Ұлағатты ұстаздарымыз – Абенова Ләззат Усманқызы және Байболова Айжан Жанасбекқызымен жүздесіп, олардың өмірлік және кәсіби тәжірибелерінен тағылым алып, бір серпіліп қалдық. Ұстаздарымыздың ақжарма тілектері мен даналыққа толы әңгімелері көңілімізді марқайтып, ерекше рухани әсер қалдырды.
Бүгінгі күн – жүректе сақталатын жарқын естелікке айналып, тарих қойнауына енді…
Тультаева Перуза Альмахановна,
«Н.Төреқұлов атындағы №13 ЖББМ» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші.
Асықата кенті, Жетісай ауданы, Түркістан облысы.