Skip to content

Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің негізі

Қазіргі таңда жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру – басты міндеттердің бірі. Соның ішінде ұлттық құндылықтарды дәріптеу ерекше маңызға ие. Балабақша қабырғасында өткізілетін мерекелік іс-шаралар арқылы балалар халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын бойына сіңіреді.

Берілген іс-шарада «Бүлдіршін» ортаңғы топ тәрбиеленушілері ұлттық киім киіп, қазақтың киіз үйінің алдында өнер көрсетті. Бұл көрініс балалардың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттырып, олардың рухани дамуына оң әсерін тигізеді.

Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар барысында балалар ұйымшылдыққа, достыққа, сыйластыққа үйренеді. Сонымен қатар, ұлттық ойындар мен дәстүрлерді танып, өз халқының мәдени мұрасын құрметтеуге тәрбиеленеді.

Тәрбиеші ретінде мен балалардың бойына ұлттық рухты сіңіріп, олардың жан-жақты дамуына үлкен үлес қосуға тырысудамын. Себебі осындай іс-шаралар арқылы бүлдіршіндердің шығармашылық қабілеті дамып, олардың өз-өздеріне деген сенімдері артады деп санаймын.

Қорытындылай келе, ұлттық тәрбие – ұлт болашағының негізі. Сондықтан балабақшада осындай мазмұнды, тәрбиелік мәні зор іс-шараларды ұйымдастыру аса маңызды.

Г.С.КАРАКУЛОВА,

«Аянат-сұлу» б/б ЖШС, «Бүлдіршін» ортаңғы тобының тәрбиешісі.

Жетісай ауданы.

🔥 Таңдаулы жаңалықтар

«ЖУРНАЛИСТ ЖОЛДА» ІССАПАРЫ. БІЛІМ ОРДАСЫНДА ӨТКЕН ТАҒЛЫМДЫ ШАРА
ОТБАСЫ – БАҚЫТ МЕКЕНІ
БІР-БІРІМІЗГЕ ЖҮРЕК ЖЫЛУЫН СЫЙЛАЙ БІЛЕЙІК!
The Importance of Learning English in the Modern World
ЛАУАЗЫМ — МӘРТЕБЕ ЕМЕС, ЖАУАПКЕРШІЛІК!