Skip to content

Заманауи білім берудегі Lesson Study: цифрлық құралдар мен тиімді тәжірибе

  • / 178 қаралым

Жетісай аудандық білім бөліміне қарасты №10 «Қайнар» мектеп-гимназия” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  «Заманауи білім берудегі Lesson Study: цифрлық құралдар мен тиімді тәжірибе» тақырыбында аймақтық семинар жоғары деңгейде өткізілді. Семинардың негізгі мақсаты – оқу үдерісін зерттеуде Lesson Study тәсілін цифрлық құралдармен ұштастыра отырып, сабақ сапасын арттыру және оқушылардың білім нәтижелерін жақсартудың тиімді жолдарын тәжірибе алмасу арқылы көрсету болды.

Семинардың ашылу салтанатында мектеп директоры Убайдина Гүлжан Тұрарбековна қатысушыларға жылы лебізін білдіріп, алғы сөз кезегін аудандық білім бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Айгенжиева Толқын Тілекқызына ұсынды. Өз сөзінде ол қазіргі білім беру жүйесіндегі цифрлық технологиялар мен Lesson Study тәсілінің маңыздылығына тоқталып, мұғалімдердің кәсіби дамуына бағытталған мұндай семинарлардың тәжірибе алмасудағы рөлін ерекше атап өтті.

Семинар барысында мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, шетел тілі пәні мұғалімі Ташева Болсынай Аханқызы «Заманауи білім берудегі Lesson Study: цифрлық құралдар мен тиімді тәжірибе» тақырыбында мазмұнды баяндама жасады. Баяндамада білім беруді цифрландыру жағдайында Lesson Study қауымдастығын дамыту, мұғалімдер арасындағы желілік байланысты нығайту және цифрлық білім беру ресурстарын сабақты зерттеу үдерісіне енгізудің тиімді жолдары кеңінен талқыланды.

Семинар аясында түрлі пәндер бойынша ашық сабақтар ұйымдастырылып, мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөлісті. Қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі, ағылшын тілі, математика, химия, тарих және бастауыш сынып пәндері бойынша өткізілген сабақтарда оқушы белсенділігіне негізделген заманауи әдіс-тәсілдер, сараланған тапсырмалар мен цифрлық платформалар тиімді қолданылды.

Сонымен қатар семинар барысында Lesson Study мен жасанды интеллектті кіріктіруге арналған коучингтер ұйымдастырылды. Коучингтерде мұғалімдерге ЖИ құралдарын сабақ барысында пайдалану, оқушы белсенділігін арттыру, зерттеу сабақтарын жоспарлау және кәсіби дамуды жетілдіру жолдары тәжірибелік тұрғыда ұсынылды.

Семинарға қатысқан аудан және көршілес мектептердің педагогтері өткізілген сабақтар мен коучингтерге жоғары баға берді. Қатысушылар Lesson Study тәсілі мен жасанды интеллект элементтерін сабақ үдерісінде тиімді қолдану оқушылардың функционалдық сауаттылығын, сыни ойлауын және оқу мотивациясын дамытуға зор мүмкіндік беретінін атап өтті.

Қорытынды бөлімде семинар жұмысына оң баға беріліп, «Заманауи білім берудегі Lesson Study: цифрлық құралдар мен тиімді тәжірибе» тақырыбындағы аймақтық семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылды деп танылды. Семинар педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруға, тәжірибе алмасуына және білім беру сапасын жетілдіруге бағытталған маңызды алаң болды.

№10 “Қайнар” мектеп-гимназия” коммуналдық мемлекеттік мекемесі,

директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары,

шетел тілі пәні мұғалімі Ташева Болсынай Аханқызы

Жетісай ауданы

🔥 Таңдаулы жаңалықтар

«ЖУРНАЛИСТ ЖОЛДА» ІССАПАРЫ. БІЛІМ ОРДАСЫНДА ӨТКЕН ТАҒЛЫМДЫ ШАРА
ОТБАСЫ – БАҚЫТ МЕКЕНІ
БІР-БІРІМІЗГЕ ЖҮРЕК ЖЫЛУЫН СЫЙЛАЙ БІЛЕЙІК!
ЛАУАЗЫМ — МӘРТЕБЕ ЕМЕС, ЖАУАПКЕРШІЛІК!
The Importance of Learning English in the Modern World