Skip to content

Жетісай ауданы командасы облыстық мұғалімдер спартакиадасында жүлделі орындарға ие болды

  • / 17 қаралым

Түркістан облысының білім басқармасының Білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен 2025 жылғы 28–31 қазан аралығында облыстық мұғалімдер спартакиадасы өтті.

Спартакиадада мұғалімдер волейбол (ерлер және әйелдер), футзал, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, асық ату, бес асық түрлерінен сынға түсті.

Аталған жарысқа Жетісай ауданының командасы қатысып, жоғары нәтиже көрсетті. Атап айтқанда:

Ерлер волейболы бойынша – І орын,

Тоғызқұмалақ бойынша – І орын иеленді.

Бұл жетістікке қол жеткізуде команданың табандылығы мен бірлігінің, сонымен қатар жаттықтырушы ұстаздардың және аудандық білім бөлімінің әдіскері Аязхан Елемесовтің еңбегі зор.

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Оларға алдағы уақытта да спортта және кәсіби қызметінде жаңа жетістіктер тілейміз!

Сатыбалды ЖҮНІСБЕКОВ.

🔥 Таңдаулы жаңалықтар

«ЖУРНАЛИСТ ЖОЛДА» ІССАПАРЫ. БІЛІМ ОРДАСЫНДА ӨТКЕН ТАҒЛЫМДЫ ШАРА
ОТБАСЫ – БАҚЫТ МЕКЕНІ
БІР-БІРІМІЗГЕ ЖҮРЕК ЖЫЛУЫН СЫЙЛАЙ БІЛЕЙІК!
ЛАУАЗЫМ — МӘРТЕБЕ ЕМЕС, ЖАУАПКЕРШІЛІК!
The Importance of Learning English in the Modern World