Skip to content

X–XIII ғасырлардың басындағы Қазақстан: Дешті Қыпшақ дәуірі

Мектеп қабырғасында 6-сынып оқушыларына арналған «X–XIII ғасырлардың басындағы Қазақстан» тақырыбында мазмұнды сабақ өтілді. Сабақ Қыпшақ хандығының тарихына арналды және «Не себепті Еуразия даласы Дешті Қыпшақ деп аталды?» деген зерттеу сұрағы негізінде құрылды.

Сабақтың басты мақсаты – X ғасырдан XIII ғасырдың басына дейінгі мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіру, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау, сондай-ақ қыпшақтардың Еуразия тарихындағы орнын айқындау. «Әділдік пен жауапкершілік» айы аясында ұйымдастырылған сабақта «Тәннің ләззаты – саулығында, жанның ләззаты – білімінде» деген нақыл сөз ерекше мәнге ие болды.

Сабақ «Ой шақыру» кезеңінен басталды. Оқушылар орта ғасырлық Қазақстанның саяси картасымен жұмыс жасап, ХІІІ ғасырға дейін Алтай тауынан Қара теңізге дейінгі ұлан-ғайыр аумақты қамтыған мемлекеттің Дешті Қыпшақ деп аталғанын анықтады. Сонымен қатар, олар Х ғасырға дейін Қазақстан аумағында өмір сүрген Оғыз, Қимақ, Түрік, Түргеш, Қарлұқ мемлекеттерін еске түсірді. Талқылау барысында қазақ халқының қыпшақтардың тарихи мұрагері екені жөнінде тұжырым жасалды.

Жаңа тақырыпты меңгеру барысында оқушылар жаңа ұғымдармен жұмыс жасады. «Сәйкестендір» тапсырмасы арқылы Дешті Қыпшақ, половшылар, яланкуг, дурут, йетиоба, тоқсоба, бөрілер сияқты тарихи атаулардың мағынасын түсінді. Бұл жұмыс тілдік дағдыларды дамытуға және тарихи терминдерді дұрыс қолдануға мүмкіндік берді.

Сабақтың келесі кезеңінде картамен жұмыс ұйымдастырылды. Оқушылар Батыс және Шығыс Дешті Қыпшақ аумағын, олардың орталықтарын, сондай-ақ көршілес мемлекеттерді контур картаға белгіледі. Бұл тапсырма оқушылардың саяси үдерістерді түсінуіне және картамен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіруге бағытталды.

Мәтінмен жұмыс барысында қыпшақтардың этникалық құрылымы, қоғамдық-саяси жағдайы, шаруашылығы мен тұрмысы талданды. Оқушылар қыпшақтардың екі ірі этникалық топтан тұрғанын, елбөрілі мен тоқсоба тайпаларының беделі жоғары болғанын атап өтті. Сонымен қатар, қыпшақ қоғамының феодалдық құрылымға негізделгенін, мал шаруашылығы мен егіншіліктің негізгі кәсіп болғанын дәлелдеді.

Сабақ соңында «Қазақ даласы не себепті Дешті Қыпшақ деп аталды?» деген қорытынды сұраққа жауап беріліп, оқушылар өз ойларын ашық білдірді. Кері байланыс «Алақан-жұдырық», «Жұлдызшалар», «Шолиер табақшасы» әдістері арқылы жүзеге асырылды.

Бұл сабақ оқушылардың тарихи танымын кеңейтіп қана қоймай, өз халқының өткеніне деген қызығушылығын арттырып, жауапкершілік пен әділдік сияқты құндылықтарды бойына сіңіруге ықпал етті.

Бақдаулет ИСАБЕКОВ,

№25 ЖББМ тарих пәнінің мұғалімі.

Жетісай ауданы

🔥 Таңдаулы жаңалықтар

ТӘУЕЛСІЗДІК — ҰЛТТЫҢ МӘҢГІЛІК МҰРАТЫ
The Importance of Learning English in the Modern World
Республикалық «Абай оқуларында» жеңімпаз атанды
АҚПАРАТТЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТЕМІЗ!
«АДАЛ АЗАМАТ» ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – БОЛАШАҚҚА САЛЫНҒАН БЕРІК НЕГІЗ